ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846-1945).

Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерді. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Жамбыл – әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Жыр алыбын нағыз ақын ретінде халыққа танытқан өнері – оның айтыстары. Оның арасында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Олардың барлығында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөз шебері, ұшқыр ойлы, шешен екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Жамбыл Жабайұлы ел басына күн туған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына да белсене қатысып, патша жарлығына қарсы көтерілген халықтың бел ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын арнады. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Ақынның үздік шығармалары қырықтан астам шет ел тілдеріне аударылды. Жыр алыбының айтыстары, дастандары мен өлеңдері қазақ әдебиеті жауһарларының қатарын толықтырды. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың домбырасы – екі ішекті, 19 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 8 бөліктен құралып жасалған. Жасалған уақыты мен шебердің аты-жөні белгісіз. Музыкалық аспаптың сақталу тарихы ерекше. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқаннан кейін Жамбыл ақын домбырасын атақты күйші Лұқпан Мұхитовқа аманат етіп тапсырады. Күйшінің үйінде сақтаулы тұрған аспапты Лұқпан Бейсенов есімді азамат аттай қалап сұрап алады. Ал 1990 жылы жәдігер Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізіледі.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846-1945).

Великий акын, сказитель Жамбыл Жабаев родился в 1846 году у подножья горы Жамбыл в ныне Жамбылской области. Жамбыл родился и вырос там, где народное творчество высоко ценилось. Благодаря этому талант Жамбыла проявился с детства. Уже в подростковом возрасте он был виртуозным поэтом и прославился у соседних киргизов. Также, он повстречал непревзойденного поэта Жетысу Суюнбая и получил его благословение, что положительно повлияло не его творчество.Жамбыл – эпик, поэт-импровизатор, сказитель и воинственный жыршы. Как истинного акына его прославили его айтысы. Среди них были и кайым айтыс между парнем и девушкой, и туре айтыс, и суре айтыс. В каждом из них Жамбыл проявил себя как настоящего мастера словесных состязаний. Наряду с этим, Жамбыл активно принимал участие в национально-освободительном восстании 1916 года, посвятил пламенные призывы. Жамбыл был мастером и сказительского искусства. Его лучшие произведения были переведены на более 40-ка языков мира. Его айтысы, дастаны и стихи пополнили золотую коллекцию казахской литературы.Домбра великого казахского поэта Жамбыла Жабаева – двухструнная, имеет 19 ладов, каплевидной формы. Корпус сделан из 8 частей. Мастер изготовитель неизвестен. Музыкальный инструмент имеет особую историю хранения. В 1936 году после участия в декаде казахской литературы и искусства в Москве Жамбыл доверил свою домбру известному кюйши Лукпану Мухитову. Инструмент, хранимый дома у этого исполнителя выпросил Лукпан Бейсенов. А в 1990 году он был передан в музей. На сегодняшний день инструмент хранится в Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.

ZHAMBYL ZHABAEV (1846-1945).

A great poet, zhyrau, zhyrshy Zhambyl Zhabaev was born in 1846 at the foot of the mountain Zhambyl in the current Zhambyl region. Zhambyl was born and grew up where folk art was highly valued. Thanks to this, Zhambyl's talent manifested itself from childhood. Already in his teens, he was a virtuoso poet and became famous among neighboring Kyrgyz. Also, he met the unsurpassed poet of Zhetysu Suiinbai and received his blessing, which positively influenced his creation.Zhambyl is an epic, poet-improviser, narrator and warlike zhyrshy. As a true poet, his aitys glorified him. Among them were kaiym aitys between a boy and a girl, and ture aitys, and sure aitys. In each of them Zhambyl showed himself as a true master of verbal contests. Along with this, Zhambyl actively participated in the national liberation uprising of 1916, devoted fiery appeals.Zhambyl was a master of storytelling art. His best works have been translated into more than 40 languages of the world. His aitys, dastans and poems supplemented the golden collection of Kazakh literature.Zhambyl Zhabaev’s dombra is a two-stringed, 19-frets, oval-shaped musical instrument. The body consists of 8 parts. A master and time of manufacture are unknown. The musical instrument has a special storage history. In 1936, after participating in the decade of Kazakh literature and art in Moscow, Zhambyl entrusted his dombra to the famous kushi Lukpan Mukhitov. The instrument stored at home of this artist asked by Lukpan Beisenov. And in 1990 it was transferred to the Museum of folk musical instruments named after Ykhlas, located in Almaty. Today the instrument is stored in the mentioned museum.