Қала күніне орай, 10-15 қыркүйек аралығында Алматы метрополитенінде жылжымалы көрме ұйымдастырылады.
Қала күніне орай, 10-15 қыркүйек аралығында, Алматы қаласы музейлер бірлестігі метрополитен бекеттерінде жылжымалы көрме ұйымдастырып, метро жолаушылары Алматы музейі мен қалалық архив қорында сақталған мәдениет, спорт, білім беру салалары, Алматы қаласы тарихы, құрылысы мен табиғатын бейнелейтін 200-ден астам фотосуреттерді, сондай-ақ «М. Әуезов театры» бекетінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорынан алынған 10 аспапты тамашалай алады.
«Ұлы Жібек жолындағы ұлы тұлғалар» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбаев, Ақан Сері, Біржан сал, Жамбыл Жабаев, Нұрғиса Тілендиев, Махамбет Өтемісұлы, Ахмет Жұбанов сынды атақты тұлғалардың аспаптарын көріп, олардың музыка өнеріне қосқан үлесімен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.