Дабыл – қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған.
Қазақ ауыз әдебиетінде дабыл ер жігіттің негізгі бес қаруының бірі ретінде айтылады. XVIII-XIX ғғ. жататын батырлық жырлар мен дастандарда, ғалымдардың этнографиялық жазбаларында дабыл аспабы жайлы деректер жиі кездеседі.
Қытай деректерінде ғұн дәуірінде дабыл әскердің байрақ, туының дәрежесінде құрметтелетінін дәлелдейтін екі дерекке кез болдық. Қытайдың «Ши цзи» дерекнамасында: «Б.з.б. 119 жылы қытайдың қолы ғұндарға жорық жасаған кезде қытай әскерінің қолбасшысы Хо Цюй-бин ғұндардың шығыс дацзян князінің туы мен қоса дабылын тартып алды» (В.С.Таскин. 1968.) деген дерек қалдырыпты. Тағы да В.С.Таскиннің айтуынша аталмыш дерекнамада: «Сол жылы (б.з.б. 119 жылы) қытай қолы ғұндардың шығыс қанатының көсемінің туын, дабылын тартып алды» дейді. Ендеше бұл ежелгі дәуірден түркілер үшін дабыл аспабы елдіктің, ұлттың қасиетті символы болған тудың дәрежесінде құрметтелетінін көрсетеді. Дабыл – әскердің рухы, жаны, айбыны. Сондықтан да ту мен дабыл елдіктің, егемендіктің бір нышаны деудің еш артықтығы жоқ.
Дабылға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда сақталған. Мысалы: әзербайжандарда – табль, қырғыздарда – дообул, өзбектерде – даул, армяндарда – доол, арабтарда – тэвл.
Аспаптың жасалу технологиясы
Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі – шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биікт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық дабылы.
Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа сойылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпырып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі – и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде – теріні жібітіп барып, өткір ұстарамен түгі сылынып алынады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.
Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.
Жорық дабылы – үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы – 3 метр 40 см, биігі – 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау дабылды жасау әдіс-тәсілімен бірдей.
Дабыл – ударный музыкальный инструмент казахского народа. С древних времён он был сигнальным инструментом. Поскольку звук инструмента был громким, его использовали для подачи сигнала о наступлении врага, для мобилизации войска.В устной казахской литературе дабыл предстаёт как один из пяти главных оружий казахского батыра. В казахских эпических поэмах, этнографических трудах ученых XVIII-XIX вв., устных повествованиях встречается много упоминаний об инструменте.Воины применяли дабыл во время военных походов или когда возвращались с поле боя в родные края. Инструмент делали разных форм, в зависимости от высоты звука. Дабыл с сильным звучанием, что встречается в устной литературе, был особо крупного размера. Он упоминается также в эпических поэмах XVI-XVII вв.В китайских источниках есть две записи, где говорится, что дабыл гунны чтили на уровне знамя войска. Из китайского источника «Ши цзи»: «В 119 г. до н.э. во время похода китайских войск на гуннов китайский полководец Хо Цюй-бин отобрал знамя и дабыл у князя восточного дацзян» (В.С. Таскин. 1968). Также В.С. Таскин отмечает, что в записях этого китайского источника говорится: «В том же году (119 год до н.э.) китайское войско отобрало знамя и дабыл предводителя гуннов восточного крыла». Данный факт наглядно показывает, что дабыл был символом государственности и нации, его чтили также как и знамя. Дабыл – дух и душа армии. Этот вид инструмента сохранился у многих народов. Например: табль – у азербайджанцев, дообул – у киргиз, даул – у узбеков, доол – у армян, у арабов – тэвл.
Изготовление инструмента
Корпус дабыла делают из ивы, берёзы, тополя, сгибают в круг и натягивают кожу телёнка или верблюда возрастом от двух до шести месяцев. Для удобства при транспортировке к нему прикрепляют сыромятный ремень или деревянную рукоятку. Играют на дабыле специальной ручной дубиной. Сохранился инструмент в двух образцах. Первый – небольшой вид, применяемый в ансамблях древних инструментов в фольклорных целях 1 м 56 см в окружности, второй – большой походный дабыл 3 м 40 см в окружности, ширина 30 см, высота 1,5 м.Использование шкуры животного и натягивание на инструмент происходит путём сложных методик. Для этого шкуру или брюхо натягивают деревянный корпус. Шерсть свежезаколотого животного стригут, очищают от мяса. Шерсть кожи животного, которое будет использовано для инструмента, заранее переваривают. Есть два способа очищения и обе они сложные методики. Первое – закваска для кожи. В данной методике важно, чтобы прокисший запах закваски не впитался в кожу. Второе – размочить кожу и затем острой бритвой сбривают подшерсток. После чистую шкуру промывают, пока не смоется едкий запах и пот. Очищенную кожу используют в полусухом виде.Чтобы корпус был твёрдым и украсить его, снаружи обивают кожей, методом обжига наносят орнаменты. Народные мастера нередко прикрепляют к инструменту рога, кости, перья, бахрома. С одной стороны корпуса приделывают рукоять из сыромятины. На дабыле играют пальцами или небольшими молоточками с шаровой головкой. Звук зависит от толщины кожи, силы натягивания, сохранности в специальной коробке.Походный дабыл – делают больших размеров. Общая окружность – 3м 40 см, высота – 1 м. Используется шкура двух верблюдов, чтобы натянуть кожу с обеих сторон инструмента. Звук слышен на расстоянии 3-4 километров.
DABYL – a percussion musical instrument of the Kazakh people. Since ancient times, it was a signal instrument. As the sound of the instrument is loud, it was used to signal the offensive of the enemy, to mobilize troops.
In oral Kazakh literature, it appears as one of the five main weapons of the Kazakh batyr. In the Kazakh epic poems, the ethnographic works of scholars of the 18th-19th centuries, oral narrations contain many references to the instrument.
Warriors used it during military campaigns or when they returned to the homeland from the battlefield. The instrument was made in different shapes, depending on the pitch. The dabyl with strong sound that is found in oral literature was especially large. It is also mentioned in epic poems of the XVI-XVII centuries.
In the Chinese sources there are two records, where it is said that the Huns honored the dabyl at banner level of the troops. From the Chinese source “Shi tszi”: “In 119 BC during the campaign of the Chinese troops on the Huns, the Chinese commander Ho Tsui-bin took away the banner and dabyl from the prince of the eastern Datszyan” (V.S.Taskin. 1968). Also V.S.Taskin notes that in the records of this Chinese source it is said: “In the same year (119 BC), the Chinese army took away the flag and dabyl of the leader of the Huns of the Eastern Wing”. This fact clearly shows that it was a symbol of statehood and the nation; it was honored as well as the banner. Dabyl – spirit and soul of the army.
This type of instrument is preserved in some nations. For example: tabl – among the Azerbaijanis, doobul – among the Kirghiz, daul – among the Uzbeks, dowl – among the Armenians. This occurred because of the word “tawl”, it is the percussion instrument of the Arabs.
Making the instrument: The hull is made of willow, birch, poplar, folded into a circle and the skin of the calf or camel between two and six months of age are stretched. For convenience during transportation, a raw-belt or wooden handle is attached to it. The dabyl is played with a special hand club. The instrument was preserved in two samples. The first is a small species used in ensembles of ancient instruments for folklore purposes 1 m 56 cm in circumference; the second is a large marching dabyl 3 m 40 cm in circumference, 30 cm wide, 1.5 m high.
The use of animal skins and tensioning on the instrument is done through sophisticated techniques. To do this, the skin or belly is tensioned on a wooden hull. The wool of a freshly shredded animal is sheared and cleaned of meat. The wool of the animal's skin, which will be used for the instrument, is digested beforehand. There are two cleansing methods and both are complex techniques. The first is a leaven for the skin. In this technique, it is important that the sour sourdough sour does not soak into the skin. The second is to soak the skin and then shave the undercoat with a sharp razor. After a clean skin is washed until the acrid smell and sweat will be washed off. The cleared skin is used in a moist look.
In order to make the hull hard and to decorate it, the outside is upholstered with leather, and the method of burning is applied with ornaments. Folk craftsmen often attach horns, bones, feathers, fringe to the instrument. On the one side of the hull, a raw handle is attached. Dabyl is played with fingers or small hammers with a ball head. The sound depends on the thickness of the skin, the strength of the tension, the safety in a special box.
Depending on the size, the instrument is made of several types. Hand dabyl – the manufacturing methods are similar, the only difference is in size.
Marching dabyl is made in a large size. Total circumference – 3 m 40 cm, height – 1 m. The skin of two camels is used to stretch the skin on both sides of the instrument. The sound is heard at a distance of 3-4 kilometers.