Алматы қаласы музейлерінің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған «Алматы музейлері: Тарихқа саяхат» атты баспасөз туры
Бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен туристік компаниялардың өкілдері қатысқан баспасөз турының қатысушылары Алматы музейлерін танымал етуге және туристік әлеуетті арттыруға бағытталған. Баспасөз туры Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінен басталды. Одан әрі Д.А. Қонаевтың мемориалдық пәтер-музейінде, Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейінде және шара соңында Алматы музейінде Almaty Tourism Bureau басшысы Лукпанова Камила мен Музейлер бірлестігінің директоры Сағындықова Ләззат баяндама жасады.
Л. Сағындықованың сөз сөйлеу барысында музейлер қызметіндегі жаңалықтарына тоқтала кетті. Соның ішінде Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың шешімі бойынша ағымдағы жылдың 24 қаңтарынан бастап музейлер бірлестігі оқушылар үшін тегін жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл жаңалық БАҚ-та кеңінен жарияланды, нәтижесінде жыл басынан бері музейлерге 61 165 оқушы келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 150% - ға өсті (2023 жылдың І жартыжылдығында оқушылар саны 41 396 адамды құрады).
Алматы қаласы музейлер бірлестігі Қазақстанның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысады. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде, 2022-2024 жылдары Сеул (Корея Республикасы), Стамбул (Түркия), Неаполь (Италия), Вена (Австрия), Прага (Чех Республикасы) қалаларында үлкен жетістікпен өткізілген халықаралық көрмелерді атауға болады. Қазіргі таңда халықаралық ұйымдармен 15 меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық аясында музей қызметкерлері Францияның Париж қаласындағы Ұлттық ескерткіштер орталығында біліктіліктерін арттырды. Биыл Алматы қаласы музейлер бірлестігі ТҮРКСОЙ музейлер қауымдастығының құрамына кіріп, «Best Museum of the Turkic world» (Түркі әлемінің үздік музейі) атағына ие болды.
2024 жылы музей имиджін арттыру мақсатында брендбук әзірленді, оған бірлестіктің жаңартылған логотипі, онлайн билеттерді сатып алуға мүмкіндігі бар ресми сайт кірді. Тамыз айынан бастап қаланың 11 метро бекеттері мен 29 ледэкрандарында жарнамалық кампаниялар жүргізілуде. Сонымен қатар, жоспарда біріңғай билет жүйесін енгізу бар. Біріңғай билет арқылы келушілер барлық Бірлестік музейлерін аралап, квест қатысушылары бола алады. Барлық музейге барып, тапсырма орындаған қатысушы, Бірлестіктің авторлық мерчін жеңіп ала алады.