Жетіген

Жетіген – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Оның шығу тарихы мен даму жолдары туралы нақтылы деректер болмағанымен, шамамен б.з.д. V–IV ғғ. пайда болған көне көп ішекті аспаптардың шығу тарихымен сәйкестендіріп болжам жасауға болады.Көп ішекті аспаптардың шығу тегі қалыптасуын саралай келе, олардың қатарынан орын алатын қазақ этносының жетігенінің өзіндік тарихы бар екендігіне көз жеткізуге болады. Жетіген туралы А. Маслов, П. Паллас, И. Георги, С. Болотов, С. Гмелин, П. Рычков сияқты зерттеушілер мен саяхатшылар қазақ даласынан аспап әуенін естігендігін айтып, біршама пікірлер қалдырған. Мысалы, зерттеуші А. Маслов «Сибирский Вестик» (1818) журналында жарияланған мақаласында жетіген туралы анығырақ суреттеп, былай деген: «Ятага – Орынбор қырғыздары қолданатын музыкалық аспап. Шанағы ұзын, орта тұсы төртбұрышты, бір жағына қарай доғал бұрыштанып сәл иілген. Бүйіріндегі екі қақпағы тұтас, қалған екі қақпақтың әрқайсысы екі бөліктен біріктірілген, олардың бір-біріне қатынасы 9:25-ке қатынасындай...». Аталған пікір көрсеткендей зерттеушілер мен саяхатшылар аспапты «ятыга», «елтаға», «джаттыган» деген әртүрлі атаулармен атаған. Ал этнограф С. Болотов аспап үні жайында оны торбанмен салыстыра келіп, «шебер орындаушының қолында оның үнін рахаттана отырып тыңдайсың» деген құнды пікір келтіреді. Деректерден байқайтынымыз – аспап атауының сонау Түркі дәуірінен келе жатқан тамырлас халықтар аспаптарының атауымен сәйкес келетіндігі. Бұл ішектілердің шығу жолы бір болғандығын дәлелдей түседі. Жетігеннің әуезді үні де басқа көп ішекті аспаптардың үнімен әуендес келеді.1966 жылы Оразғазы Бейсембаев «Сибирский вестник» журналында 1818 жылы суреттеп жазылуы бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.Аталған үлгіні негізге алған жетіген орындаушылары сахна төрінде дәстүрлі ән-күйлерді орындап, аспаптың халық арасында кең таралуына, әуенінің насихатталуына жол ашты. 70-жылдардан бастап алғаш орындаған орындаушылар Талғат Сарыбаев пен Қайыржан Мақанов болды. Ал 80-жылдардан бастап Еділ Құсайынов, Сауле Мерекеева, Шахбану Қылышбаева, Нұргүл Жақыпбек сияқты орындаушылар жетіген аспабының халық арасында нақты қалыптасуына атсалысты.Осы жолда басқа фольклорлық аспаптармен қатар жетігенді де насихаттауда, күй өнерінің көрнекті көсемі Н. Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестрімен қатар «Шертер», «Сазген», «Адырна», «Мұрагер» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері 1970–80 жж. бастап зор еңбек сіңірді. 
Аспаптың жасалу технологиясы
Жетігеннің құлақ бұрауы мен оған тағылатын ішектердің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан ішектері қандай болған және қандай болуы тиіс екендігін қарастырып, талдап бірқалыпқа түсіру қажет. Аспаптың алғашқы үлгілері көне заманда өте қарапайым түрде жасалып, оның ішегі аттың қылынан тағылған болатын. Бірте-бірте ол басқа материалдармен алмастырыла бастады.
Жетіген аспабының ішек түрлері:
а) Аттың қылынан жасалған ішек түрлері;
ә) Мал ішегінен есіп жасалған ішектері;
б) Сымнан тағылған ішектер;
в) Қармақ жіптен тағылған ішектер.  
Жетіген аспабы жайлы аңыз
«Жұрт әр түрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырайтын өткен заманда, қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да тап болады. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бетіне жылқы жылқы қылынан бір ішек жасап тағып сазды мұңға толы жоқтау әнін салады. Осы жеті ішектен жеті түрлі әуен шығарып, әр баласының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. Үлкен ұлы Қания қайтыс болғанда, шал «Қарағым» деген күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға – «Қанат сыңар», үшінші баласы Жайкелдіге «Құмарым», төртіншісі Бекенге – «От сөнер», бесінші Хауасқа – «Бақыт көшті, алтыншысы Жұлзарға – «Күн тұтылды» деген күйлерін арнайды. Қарт ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші күйін шертеді. Шалдың балаларына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасына «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді».

Жетыген

Жетыген – древний многострунный щипковый музыкальный инструмент казахского народа. Достоверных источников об истории инструмента нет, но всё-таки появление примерно датируют V-IV вв. до н.э., соотносят с образованием древних многострунных инструментов.Жетыген занимает особое место и имеет своеобразную историю у казахского народа. Об инструменте упоминают в своих трудах именитые исследователи и путешественники, среди которых А. Маслов, П. Паллас, И. Георги, С. Болотов, С. Гмелин, П. Рычков. Например, исследователь А. Маслов в статье для журнала «Сибирский вестник» (1818) даёт подробное описание инструмента и пишет: «Ятага – музыкальный инструмент, который используют Оренбургские киргизы. Корпус длинный, к середине прямоугольный, с одной стороны овальный. Боковые две крышки цельные, остальные два соединены из двух частей, соотношение примерно 9:25…». Исследователи и путешественники называли инструмент «ятыга», «елтага», «джаттыган» и т.д. Этнограф С. Болотов его звучание сравнивает с торбаном и пишет: «В руках искусного исполнителя можно с удовольствием слушать звуки инструмента». Известно одно, название инструмента схоже с названием инструментов родственных народов. Даже звучание жетыгена похоже с другими многострунными инструментами.В 1966 г. Оразгазы Бейсембаев смастерил жетыген по описаниям из журнала «Сибирский вестник» 1818 года выпуска. Воссоздание именно этого жетыгена положило начало возрождению забытых временем музыкальных инструментов казахского народа.Взяв за основу этот образец, исполнители на жетыгене исполняли традиционные песни и кюи, внесли вклад в пропаганду инструмента среди народа. В 70-х гг. первыми исполнителями стали Талгат Сарыбаев и Кайыржан Маканов. В 80-х гг. популяризацией жетыгена занимались Едиль Кусаинов, Сауле Мерекеева, Шахбану Кылышбаева, Нургуль Жакыпбек.Также стоит отметить труды оркестра «Отырар сазы» под руководством Н. Тлендиева, фольклорно-этнографических ансамблей «Шертер», «Сазген», «Адырна», «Мурагер» в пропаганде жетыгена.  
Изготовление инструмента
Своеобразные особенности имеют колки и струны инструмента. В старину инструмент был довольно примитивным, струны натягивали из конских волос. Ныне их можно заменить другими материалами.
Виды струн жетыгена:
а) из конских волос;
б) из кишок животного;
в) струны из провода;
г) струны из лески.  
Легенда о жетыгене
В глубокой древности в одном ауле жил старик. Было у него семь сыновей. Однажды холодной зимой из-за джута (гололед и массовый падёж скота) люди остались без еды, и в доме старика поселилось горе. Смерть одного за другим унесла всех сыновей. После смерти старшего сына Кании убитый горем старик выдолбил кусок иссохшего дерева, натянул на него струну и поставив под нее подставку, исполнил кюй «Карагым» («Родной мой»), после смерти второго сына Тореалыма старый отец натягивает вторую струну и импровизирует кюй «Канат сынар» («Разбитое крыло»), третьему сыну Жайкелды он слагает кюй «Кумарым» («Любимый мой»); четвертому — Бекену посвящается кюй «От сонер» («Погасшее пламя»), пятому сыну Хауасу сочиняет «Бакыт кошти» («Утерянное счастье»), шестому сыну Жулзару — «Кун тутылды» («Затмившееся солнце»). После утраты последнего младшего сына Кияса старик натягивает седьмую струну и исполняет кюй «Жети баламнан айрылып куса болдым» («Горе от утраты семи сыновей»).Извлекая из инструмента звуки полные скорби, исполнитель в различных по характеру мелодиях показывает образы своих детей. Эти импровизированные мелодии получили дальнейшее развитие и дошли до нас в форме инструментальных пьес-кюев под общим названием «Жетыгеннын жетеуы» («Семь кюев жетыгена»).

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.