ЖАРАС БАҚСЫНЫҢ НАРҚОБЫЗЫ – XVIII ғасырда, тұтас өрік ағашынан шауып, ойып жасалған. Шанағы нар түйенің терісінен тартылып, ішегі аттың қылынан жасалған. Аспаптың шанағы мен мойын тұстарын темірмен жамаған. Шанағын ішін ойып жасап, айна ілер жасаған. Нарқобыздың ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см, шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу. XVIIΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Сауырбаев Бижан Рахманұлы 1983 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды. Жарас бақсының нарқобызы музей жәдігерлерінің арасындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап болып табылады. Қобыз аңыздай құнды, әрі оның тарихы да өте қызық. 1942 жылға дейін қобыз атадан балаға мұра ретінде сақталған. Аспап Жарас бақсының алты ұрпағына дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған. Жарас бақсы өз заманында нарқобызын жанында ұстап бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас, Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап қолдан-қолға қалдырып отырған. Бұралқы 1942 жылы соғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижан қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған. Жамауы көп қобыздың көне көз дүние екендігі тайға таңба басқандай байқалады. Ел аузынан келіп жеткен аңызға сүйенсек, 2002 жылы 91 жастағы соғыс ардагері Абдырайов Затыбектің айтуы бойынша, бірде Жарас бақсы кездейсоқ бәйге жүргізіліп жатқан ұлан-асыр тойдың үстіне тап болады. Бақсы сол бәйгеге қатысқысы келіп рұқсат сұрайды. Алайда, сол жерде тұрған бір бай оған мысқылдап «бәйгеге неңді қосасың, қай түріңмен қатыспақшысың» деген сөздермен кедейлігін бетіне басып келемеж етеді. Содан соң жиналғандар Жарасты таранғы талға ағаш түбіне 12 құлаш арқанмен байлап, қолын бос қояды. Қанекей қолыңдағы қобызыңмен бүгінгі бәйгеде кім жеңіске жететінін болжап көрші деп, күлкіге қарық болады.Жарас бақсы ұзақ уақыт қобызын ойнап отырады да, болғаннан кейін жеңімпаздың есімін атайды. Егер болжамың дұрыс болып шықса сені босатамыз, қателестін болсаң аттың құйрығына арқанмен байлап, қамшының астына алып сыбағаңды береміз дейді. Бәйге басталып, қалың көпшілік толғаныспен бақылап отырғанда, Жарас ештеңеге алаңдамай өзінің сабырлығын танытады. Ақыры көп қатысушының арасынан, бақсының көрсеткен шабандозы бәрінен оза шауып, жеңіске жеткен екен. Мұнысын сәуегейлікке балап, жанұшыра алаңдаған байлар Жарасты босатыңдар деп бұйрық береді. Ал жиналған қарапайым халық оған өздерінің ризашылығы мен жақсы тілектерін білдіріпті.
НАРКОБЫЗ ЖАРАСА БАКСЫ – древний инструмент каплевидной формы. Сделан кобыз в ХVIII в. из цельного куска абрикосового дерева. На корпус натянута кожа верблюда, струны из конских волос. На корпус и гриф наложена заплата из железа. Внутри корпуса вставлены подвески для зеркал.
Длина инструмента – 1 метр, корпус – 29 см, ширина корпуса – 37 см, площадь корпуса – 1 метр, количество подвесок – 3.
Изготовленный в XVIIΙ веке кобыз Жарас-баксы передал в фонд Музея народных музыкальных инструментов имени Ыхласа в 1983 году Сауырбаев Бижан Рахманулы, житель Таласского района, Жамбылской области. Наркобыз Жарас-баксы считается самым старинным и исторически значимым памятником музея. Кобыз очень ценен, также история инструмента интересна. До 1942 года инструмент кобыз хранился у его потомков. Кобыз передавался из поколения в поколение шесть раз. В свое время Жарас-баксы вместе с наркобыз занимался знахарством. Позднее наследие как зеницу ока хранили его потомки Бейсенбет, Култас, Буралкы. Буралкы в 1942 году ушел на войну и не вернулся. Священное наследство перешло к следующим поколениям – Бердибеку, от него – Бижану. За годы использования кобыз пришел в плохое состояние. Наложенные множественные заплаты доказывают старинность инструмента.
В одной из легенд, рассказанный в 2002 году 91-летним ветераном войны Абдырайовым Затыбеком, однажды Жарас-баксы случайно попал на пир, где проводились скачки. Баксы попросил разрешение для участия на скачках. Однако, один присутствовавший бай усмехнулся над ним, спросив что он поставит на кон, тем самым обратив внимание на его бедность. Собравшиеся привязали его к дереву арканом длиною в 12 кулашей, остивив свободными руки. И смеялись, приговаривая: «Ну-ка, попробуй предсказать с кобызом, кто же выиграет сегодня». Жарас-баксы взял в руки кобыз и долго играл, по завершению назвал имя победителя. «Если окажешься прав, мы освободим тебя, а если ошибешься, привяжем к хвосту коня, получишь по заслугам», – говорил народ. Когда состязание началось и зрители наблюдали с волнением, Жарас оставался спокойным. Среди многих участников, наездник, выбранный Жарасом, опередил всех и выиграл. Приравнивая его слова к пророчеству, богачи поторопились освободить его. А простой народ благодарил, желая всех благ.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.