ЖАРАС БАҚСЫНЫҢ НАРҚОБЫЗЫ

ЖАРАС БАҚСЫНЫҢ НАРҚОБЫЗЫ – XVIII ғасырда, тұтас өрік ағашынан шауып, ойып жасалған. Шанағы нар түйенің терісінен тартылып, ішегі аттың қылынан жасалған. Аспаптың шанағы мен мойын тұстарын темірмен жамаған. Шанағын ішін ойып жасап, айна ілер жасаған.   Нарқобыздың ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см, шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу. XVIIΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Сауырбаев Бижан Рахманұлы 1983 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды. Жарас бақсының нарқобызы музей жәдігерлерінің арасындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап болып табылады. Қобыз аңыздай құнды, әрі оның тарихы да өте қызық. 1942 жылға дейін қобыз атадан балаға мұра ретінде сақталған. Аспап Жарас бақсының алты ұрпағына дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған. Жарас бақсы өз заманында нарқобызын жанында ұстап бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас, Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап қолдан-қолға қалдырып отырған. Бұралқы 1942 жылы соғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижан қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған. Жамауы көп қобыздың көне көз дүние екендігі тайға таңба басқандай байқалады. Ел аузынан келіп жеткен аңызға сүйенсек, 2002 жылы 91 жастағы соғыс ардагері Абдырайов Затыбектің айтуы бойынша, бірде Жарас бақсы кездейсоқ бәйге жүргізіліп жатқан ұлан-асыр тойдың үстіне тап болады. Бақсы сол бәйгеге қатысқысы келіп рұқсат сұрайды. Алайда, сол жерде тұрған бір бай оған мысқылдап «бәйгеге неңді қосасың, қай түріңмен қатыспақшысың» деген сөздермен кедейлігін бетіне басып келемеж етеді. Содан соң жиналғандар Жарасты таранғы талға ағаш түбіне 12 құлаш арқанмен байлап, қолын бос қояды. Қанекей қолыңдағы қобызыңмен бүгінгі бәйгеде кім жеңіске жететінін болжап көрші деп, күлкіге қарық болады.Жарас бақсы ұзақ уақыт қобызын ойнап отырады да, болғаннан кейін жеңімпаздың есімін атайды. Егер болжамың дұрыс болып шықса сені босатамыз, қателестін болсаң аттың құйрығына арқанмен байлап, қамшының астына алып сыбағаңды береміз дейді. Бәйге басталып, қалың көпшілік толғаныспен бақылап отырғанда, Жарас ештеңеге алаңдамай өзінің сабырлығын танытады. Ақыры көп қатысушының арасынан, бақсының көрсеткен шабандозы бәрінен оза шауып, жеңіске жеткен екен. Мұнысын сәуегейлікке балап, жанұшыра алаңдаған байлар Жарасты босатыңдар деп бұйрық береді. Ал жиналған қарапайым халық оған өздерінің ризашылығы мен жақсы тілектерін білдіріпті.

НАРКОБЫЗ ЖАРАСА БАКСЫ

НАРКОБЫЗ ЖАРАСА БАКСЫ – древний инструмент каплевидной формы. Сделан кобыз в ХVIII в. из цельного куска абрикосового дерева. На корпус натянута кожа верблюда, струны из конских волос. На корпус и гриф наложена заплата из железа. Внутри корпуса вставлены подвески для зеркал.
Длина инструмента – 1 метр, корпус – 29 см, ширина корпуса – 37 см, площадь корпуса – 1 метр, количество подвесок – 3.
Изготовленный в XVIIΙ веке кобыз Жарас-баксы передал в фонд Музея народных музыкальных инструментов имени Ыхласа в 1983 году Сауырбаев Бижан Рахманулы, житель Таласского района, Жамбылской области. Наркобыз Жарас-баксы считается самым старинным и исторически значимым памятником музея. Кобыз очень ценен, также история инструмента интересна. До 1942 года инструмент кобыз хранился у его потомков. Кобыз передавался из поколения в поколение шесть раз. В свое время Жарас-баксы вместе с наркобыз занимался знахарством. Позднее наследие как зеницу ока хранили его потомки Бейсенбет, Култас, Буралкы. Буралкы в 1942 году ушел на войну и не вернулся. Священное наследство перешло к следующим поколениям – Бердибеку, от него – Бижану. За годы использования кобыз пришел в плохое состояние. Наложенные множественные заплаты доказывают старинность инструмента.
В одной из легенд, рассказанный в 2002 году 91-летним ветераном войны Абдырайовым Затыбеком, однажды Жарас-баксы случайно попал на пир, где проводились скачки. Баксы попросил разрешение для участия на скачках. Однако, один присутствовавший бай усмехнулся над ним, спросив что он поставит на кон, тем самым обратив внимание на его бедность. Собравшиеся привязали его к дереву арканом длиною в 12 кулашей, остивив свободными руки. И смеялись, приговаривая: «Ну-ка, попробуй предсказать с кобызом, кто же выиграет сегодня». Жарас-баксы взял в руки кобыз и долго играл, по завершению назвал имя победителя. «Если окажешься прав, мы освободим тебя, а если ошибешься, привяжем к хвосту коня, получишь по заслугам», – говорил народ. Когда состязание началось и зрители наблюдали с волнением, Жарас оставался спокойным. Среди многих участников, наездник, выбранный Жарасом, опередил всех и выиграл. Приравнивая его слова к пророчеству, богачи поторопились освободить его. А простой народ благодарил, желая всех благ.

ZHARAS BAKSY’S NARKOBYZ

ZHARAS BAKSY’S NARKOBYZ is an ancient drop-shaped instrument. Kobyz made in the XVIII century from a single piece of apricot tree. Camel skin and horsehair strings are stretched over the body. An iron patch is applied to the body and neck. Pendants for mirrors are inserted inside the case.A length of the instrument – 1 meter, case – 29 cm, case width – 37 cm, case area – 1 meter, number of pendants – 3.The kobyz Zharas-bucks, made in the 15th century, was donated to the fund of the Museum of Folk Musical Instruments named after Ykhlas in 1983, by Sauyrbaev Bizhan Rakhmanuly, a resident of Talas district, Zhambyl region. Narkobyz of Zharas baksy is considered as one of the ancient and historically significant monuments of the museum. Kobyz is very valuable, also the history of the instrument is interesting. Until 1942, the kobyz was kept by Zharas baksy’s descendants. Kobyz was passed down from generation to generation six times. At one time, Zharas baksy was engaged in quackery. Later, his descendants Beisenbet, Kultas, and Buralky kept the legacy as the apple of an eye. Buralky in 1942 went to war and did not return. The sacred inheritance passed on to the next generation – Berdibek, from him to Bizhan. Over the years of use, kobyz has come into poor condition. Overlaid multiple patches prove the antiquity of the instrument.In one of the legends told in 2002 by 91-year-old war veteran Abdyraiov Zatybek, one day Zharas baksy accidentally hit the feast where the races were held. Baksy asked permission to participate in the races. However, one bai (rich man) present grinned at him, asking what he would bet, thereby drawing attention to his poverty. The audience tied him to a tree with a 12 kulash (the distance between the ends to failure of the arms extended to the sides and in a horizontal position) lasso, leaving his hands free. And they laughed, saying: “Well, try to predict with kobyz who will win today.” Zharas baksy was picked up by a kobyz and played for a long time, at the end he named the winner. “If you prove right, we will set you free, and if you make a mistake, we will attach the horse to the tail, you will get what you deserve”, – the people said. When the contest began and the audience watched with excitement, Zharas remained calm. Among the many participants, the rider chosen by Zharas was ahead of everyone and won. Equating his words with prophecy, the rich hurried to set him free. And ordinary people thanked, wishing all the best.