Сеулдің тарих музейінде “Ұлы даланың інжу-маржаны” көрмесі ашылды
2022 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен “Алматы қаласы музейлері бірлестігі” КМҚК құрамындағы Алматы музейінің Сеул тарихы музейінде “Ұлы даланың інжу-маржаны” халықаралық көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты — корей көрерменін қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныстыру. Көрме бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерден тұрады, оның ішінде Жетісу өңірінің этнографиясы мен тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениеті және Алматының өткен және қазіргі келбетінің ерекшеліктері.
Корей жұртшылығына арналған көрмеде Алматы музейінің қорынан арнайы әкелінген 131 экспонат қойылды.
Көрменің ашылу салтанатында Сеул тарихы музейінің директоры Ким Йонгсеок, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы, Сеул қалалық кеңесінің өкілдері Айсұлу Әшіралиева мен Муонг Сонг Хо, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Амангелдинұлы және Корея Республикасының халық әртісі Пак Джон Джэ сөз сөйледі.
Келіссөздер барысында екі музей 2023 жылы Алматы музейінде Сеул тарих музейінің көрмесін өткізу туралы келісімге келді.