С. Мұқанов пен
Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Музейдің тарихы
С. Мұқановтың музей-үйі 1978 жылы ашылды. Бұл үйде
С. Мұқанов 1965-1973 жылдар аралығында өмірінің соңғы 8 жылын өткізген. Музейде жазушының өмір жолын,қоғамдық қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар т.б. қойылған. Бұрынғы қалпын сақтаған әрбір заттың, кітаптар мен қолжазбалардың – әрқайсысының өзіндік тарихы, шертер сыры бар.
Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі 1991 жылы ашылды. Бұл үйде жазушы 1968-1985 жылдар аралығында тұрған. Жұмыс кабинеті және қонақ бөлмесі жазушының көзі тірі кезіндегі қалпын сақтаған. 2015 жылдан бастап «С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені» «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» құрамына енген.
Музейдің галереясы
Музейлерімізге келіп, экспозициямен танысыңыздар
Экспонаттар
Экскурсиялар
Іс-шаралар
Біздің қызықты мұражай коллекциясын ашыңыз
Біздің мұражайда бай тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеңіз
Жиі қойылатын сұрақтар
Музейлер және олардың қалай жұмыс істейтіні туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап табыңыз.
Сейсенбіден жексенбіге дейін таңғы сағат 10-нан кешкі 7-ге дейін Дүйсенбі - тазалық күні
Музейдің көптеген бөлмелерінде суретке түсіруге рұқсат етіледі, бірақ жарқыл мен штативтермен түсіруге тыйым салынады.
Ия, турлар қол жетімді. Кесте үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз.
Музейлерге бару үшін билеттерді біздің веб-сайт арқылы немесе музейге кіреберістен онлайн сатып алуға болады. Кейбір музейлер алдын-ала брондауды талап етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Ия, музейдің жанында автотұрақ бар. Белгіленген автотұрақ орындарына арналған белгілерді орындаңыз.