«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мәселелері талқыланды

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты музейлерде қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі – еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мәселелері талқыланды.
Музей қызметкерлері алдында сөз сөйлеген комплаенс-офицер   Н. Түзелбаев сыбайлас жемқорлық азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретіп, экономикалық өсуді тежеп, мемлекетіміздің тұрақты дамуына елеулі қатер болып табылатынын атап өтті.
Семинар барысында соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған бірқатар бастамалар енгізілгендігі туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылуы осы саладағы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық жүйелерінің енгізілуі азаматтар мен лауазымды тұлғалардың өзара әрекеттесу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін азайтады.
Сондай-ақ, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселесі де қарастырылды. Азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсініктерін және құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған білім беру бағдарламаларын дамыту өте маңызды.
Өз кезегінде Н. Түзелбаев Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыстар жүргізіп, басқа елдермен тәжірибе алмаса отырып, оларды алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте қолданудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Семинар соңында музей қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту және жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы сұрақтарына жауап берілді.
Семинар жұмысын қорытындылай отырып, комплаенс-офицер Н.Түзелбаев қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керектігі туралы ескерді.