Күйші-композитор Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Бөкей ордасы Саралжын деген жерде дүниеге келген. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан, онан кейін Әлікей, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздардан үйренген. Олар арқылы Дәулеткерей күйлерінің шеберліктерін меңгереді. Сейтек 10 жасқа келгенде «күйші бала» атанып, халық арасында аты шыққан. Ұлы Құрманғазының алдын көріп, батасын алуы Сейтектің өмірінде өшпес із қалдырған оқиға болды. А. Жұбанов: «Сейтек музыкаға ерте ден қояды. 6-7 жасынан-ақ анау-мынау оңай күйлерді тарта береді. Сейтек өзі ұнатпаған домбыраны ешуақытта тартпайтын. Ал біреулер жақсы домбыраның орнына жаман домбыра ұсынса, ондай жерде Сейтек отырмайтын тура мінезді адам еді» деп баға берді. Сейтек – қазақтың күй өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын күймен бедерлей білді. Сейтектің әйгілі «Заман-ай», «Арман», «Ғазиз», «Сексен ер», «Ортпа», «Бес қыз», «Торы ат», «Жантаза», «Шәрипа», «Бұлбұл Айша», тағы басқа күйлері кейінгі ұрпаққа асыл мұра болып қалды. Сейтек Оразалыұлының домбырасы – екі ішекті, 12 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 8 бөліктен құралған, құрамалары терімен бекітілген, мойнында 7 айнасы бар. Негізгі бір дыбыс ойығы және қосымша бет тақтайында төрт кішірек, мойнында бір дыбыс ойығы бар. Аспап 1981 жылы Өзбекәлі Жәнібековтың ықпалымен Орал облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне алынды.
Кюйши-композитор Сейтек Оразалыулы родился в 1861 году в местности Саралжын Букеевской Орды (ныне Западно-Казахстанская область). Впервые игре на домбре научился у своего брата Султангали, затем у Аликея, Салауаткерея, Турыпа. У них научился особенностям кюев Даулеткерея. Когда Сейтеку исполнилось 10, он прославился среди народа по прозвище «кюйши бала». Встреча с великим Курмангазы и его благословение стали событиями, оставившими неизгладимый след в жизни Сейтека.Ахмет Жубанов о нём: «У Сейтека с ранних лет проявился интерес к музыке. В возрасте 6-7 лет он играл несложные композиции. Он никогда не играл на домбре, которую невзлюбил. Если ему вручали инструмент плохого качества, он сразу же покидал это место. Таким прямолинейным он был».Сейтек был талантливым композитором, который обогатил казахское искусство кюя по содержанию, по форме, внеся творческие новшества, поднявшие музыку на новый уровень. В своих произведениях он оплакивал горе народа, смог передать мечту своего времени через композиции. Его произведения «Заман-ай», «Арман», «Ғазиз», «Сексен ер», «Ортпа», «Бес қыз», «Торы ат», «Жантаза», «Шәрипа», «Бұлбұл Айша» и другие стали всеобщим наследием народа.Домбра Сейтека Оразалыулы – двухструнный, 12-ладовый инструмент каплевидной формы. Корпус собран из 8-и частей, которые закреплены кожей, на грифе установлены 7 зеркал. Имеются основное звуковое отверстие и дополнительных четыре маленьких на деке, одна на грифе отверстий. При соучастии Узбекали Жанибекова домбра была передана в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа из областного историко-краеведческого музея в Уральске в 1981 году.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.