Қала күні аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұйымдастырған «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Қыркүйектің 1-15 аралығында өткен 3 кезеңнен тұрған байқауға Алматы қаласының жалпы білім беретін лицей мен гимназияларының 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Қала күніне орай, Алматы музейінде 13 қыркүйек күні сағат 15.00 де «Өткен тарих ізімен» атты интеллектуалды квест ойыны өткізіледі.

Квест ойынына қала студенттері мен оқушылары қатыса алады. Квест ойыны - Алматы қаласының тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.

13 қыркүйек күні сағ. 19.00-22.00 аралығында «Таспаға түскен тарих» тақырыбында аспан асты кинотеатры ұйымдастырылады.

Іс-шара «Қазақфильм» киностудиясы мен «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының қолдауымен Алматы музейінің ауласында, ашық аспан астында өтеді.

Қала күніне орай, 10-15 қыркүйек аралығында Алматы метрополитенінде жылжымалы көрме ұйымдастырылады.

Метро жолаушылары Алматы музейі мен қалалық архив қорында сақталған мәдениет, спорт, білім беру салалары, Алматы қаласы тарихы, құрылысы мен табиғатын бейнелейтін 200-ден астам фотосуреттерді, сондай-ақ «М. Әуезов театры» бекетінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорынан алынған 10 аспапты тамашалай алады.