Прага қаласында «Уақыт керуені» көрмесінің ашылуы өтті
7 тамыз күні Чех Республикасының астанасы Прага қаласының музейінде Алматымузейінің "Уақыт керуені" аттыкөрмесі ашылды.
Бұл көрме екі музей арасындағы ынтымақтастық негізінде Алматы қаласы әкімдігімен Қазақстанның Чех Республикасындағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.2024 жылы Алматы музейі мен Прага музейі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумғақол қойылған болатын.
Көрменің ашылу салтанатында Прага қаласы музейінің басшысы Иво Мацек,Қазақстанның Чех Республикасындағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Алматы қаласымәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Асия Ақанова, Алматы қаласы мәслихаты депутаты Салтанат Серикова,Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова сөз сөйледі. Сонымен қатар Жапония, Корея, Катар, Ресей, Түркия,Малайзия корольдігі және басқа да 20-данастам мемлекеттің елшіліктерініңөкілдері қатысты.
Іс-шара аясында Алматы музейлер бірлестігі Түркі әлемінің “Ең үздік музейі”атанды. Сертификатты ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтабыстады.
ХІІІ-ХІV ғғ. бой көтерген Прага музейі орналасқан ғимарат ЮНЕСКО-ның Әлемдікмұра тізіміне енгізілген.
Еуропалықтардың назарына ұсынылған көрме 31 тамызға дейін жалғасады.