Алматы музейіне студенттер жасаған «Алматы әліпбиі» атты ашық хаттар жинағы табысталды

Алматы қаласы тарихы музейінің жетекшісі К.Б. Джиеналиеваның Туран Университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу Файзуллина Галия Шаукетовнаның шақыруымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер университеттегі білім беру бағдарламасының аясында іске асырған ерекше жобасын таныстырды.
Жоба Алматы қаласының мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға бағытталған «Алматы әліпбиі» атты ашық хаттар жинағын жасау болды. Бұл жинақ студенттер мен жетекшілері Файзуллина Г.Ш. мен Койчубаева Д.С. тарапынан әзірленген. Жинақ шығармашылық жұмыс ретінде Алматы қаласының мәдени мұрасын сақтауға және оны кеңінен танытуға бағытталған. Ашық хаттар музейдің білім беру іс-шараларының маңызды құралы болып экскурсия, квест, викториналарда қолданып, қала тарихы мен мәдениетімен танысуға көмектеседі.
«Алматы әліпбиі» арқылы Алматының сәулеті, табиғаты, мәдениеті мен көрнекті тұлғалары туралы мәліметтерді айтуға болады. Бұл ашық хаттар қала туралы білімді тереңдету мақсатында жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына өте пайдалы болады.
Кездесу барысында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметі туралы да ақпарат берілді. К.Б. Джиеналиева Музейлер бірлестігіне қарасты музейлерде жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтып, мамандардың біліктілігін арттыру, шетелге іссапарлар, кәсіби өсу мен шығармашылық дамуға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу мүмкіндіктерін атап өтті. Бұл факторлар музей саласына жас кадрларды тартуға және Алматыдағы музей ісінің дамуына ықпал етеді.