Боралдай сақ қорғандарында геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді
«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» итальяндық GEOSTUDY ASTIER s.r.l және француздық DUALEST SAS компанияларымен бірге Боралдай сақ қорғандарында геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2015 және 2018 жылдары ескерткіштің жер асты элементтерін анықтауға зерттеулер геосканерлеу жүргізілді. Алайда, мұндай әдістер үлкен қорғандардың үйінділерін толық зерттеуге мүмкіндік бермеген. Жаңа технологиялардың дамуы археологиялық нысандарды ескерткішке зиян келтірместен 10-15 метр тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы зерттеулердің маңыздылығы Боралдай қорымын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізуге дайындық. Бұл ескерткіштің тарихи құндылығын толық ашатын қосымша ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Жүргізілген жұмыстар шеңберінде геосканерлеуден басқа, қорғандардың құрылымы мен тарихы туралы жаңа деректер беретін басқа да геофизикалық әдістерді пайдалану жоспарлануда.
Геосканерлеу нәтижелері бір ай көлемінде ұсынылады.
«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі Алматы қаласының Алатау ауданында, Боралдай мен Үлкен Алматы өзендерінің арасындағы үстіртте орналасқан. Ескерткіш, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар қатарына енгізілген. Бұл Алматы аумағында сақталған жалғыз элиталық сақ қорғандары болып табылады.
Geostudy Astier s.r.l. компаниясы 15 метр немесе одан да көп тереңдікке сканерлеуге мүмкіндік беретін импульстік электр энергиясының дәлелденген әдіснамасын қолдана отырып, терең геофизикалық зерттеулер мен көлемдік өлшемдерді жүргізуге маманданған. Бұл тәсіл үйінділердің ішкі құрылымы мен ерекшеліктерін едәуір тереңдікте ашып, 3D картографиясын құруды қамтамасыз етеді.