А. Байтұрсынұлы музей-үйінің және ескерткішінің ашылуы
А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, А. Байтұрсынұлы музей-үйінің және А. Байтұрсынұлы ескерткішінің ашылуы
16 қараша 2022 жыл, А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен реэкспозициядан өткен А. Байтұрсынұлы музей-үйінің және А. Байтұрсынұлы ескерткішінің ашылуы өтті.
Президент, алдымен, музейдің «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы жәдігерлермен танысты. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған.
Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде қызы Шолпанның отбасымен бірге 1934-1937 жылдары тұрған. Музей-үйі 1998 жылы Алаш қайраткерінің 125 жылдық мерейтойында салтанатты түрде ашылды.
Реэкспозиция барысында музей заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңа мазмұнмен толтырылды. Арнайы сенсорлық тақталарда Музей-үйдің құрылу тарихы, архивтік материалдар, фотосуреттер және реформатордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мол мағлұмат беретін құнды мәліметтер бар.
Реставрация және реэкспозиция жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазқайтажаңарту» РМК-мен орындалды.