Дудыға

Дудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған.Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: «Дудыға қағып, сырнайын тартып» немесе «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын», – деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.«…Аспап атауы батырлардың ду-ду еткен шайқасты көрінісі мен «ду-дуға қосылды» деген ұғымнан туындаған»  дейді ақпар беруші О.Хаймолдин. 
Аспаптың жасалу технологиясы
Дудығаның сырт пішіні кәдімгі ұршыққа ұқсас келеді, қолға ұстауға ыңғайлы ұзын сабы, сапқа бекітілген сегіз қырлы, күмбезді сопақша шанағы, шанақ сыртында қайысқа байланған, қатты ағаштан жасалған салпыншақ түймелері болады. Аспап шанағы малдың (көбінесе ешкі) шала иленген жұқа терісімен қапталады, шанақ ішіне ұсақ сылдырмақтар ілінеді. Сап пен шанақ сырты әшекейленіп, басына шашақ тағылады. Сілкіп ойнаған кезде тұтқасының екі жағына ілінген қаққыштары ерсілі-қарсылы керілген көнге соғылып, құдды бірнеше дабыл дүңкілдеп түрғандай дыбыс шығарады.

Дудыга

Дудыга – ударно-шумовой музыкальный инструмент казахского народа. В своё время его использовали военачальники и батыры во время военных походов.В устной литературе встречаются строки: «Дудыға қағып, сырнайын тартып», «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын». 
Изготовление инструмента
Внешне инструмент похож на пряжку. Состоит из длинной рукояти, восьмигранного овального корпуса, снаружи прикрепляются дубовые подвески, привязанные к сыромятине. Техника изготовления очень сложная, поэтому редко встречается в быту народа. На деревянный корпус натягивается дубленая шкура (зачастую козлиная), внутрь корпуса крепятся маленькие погремушки. Снаружи корпус и рукоять также украшают, прикрепляют мелкие подвески из дуба. При встряхивании инструмента подвески ударяются о кожаный корпус и создаётся впечатление, как будто играют на нескольких дабылах.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.