Дудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған.Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: «Дудыға қағып, сырнайын тартып» немесе «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын», – деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.«…Аспап атауы батырлардың ду-ду еткен шайқасты көрінісі мен «ду-дуға қосылды» деген ұғымнан туындаған» дейді ақпар беруші О.Хаймолдин.
Аспаптың жасалу технологиясы
Дудығаның сырт пішіні кәдімгі ұршыққа ұқсас келеді, қолға ұстауға ыңғайлы ұзын сабы, сапқа бекітілген сегіз қырлы, күмбезді сопақша шанағы, шанақ сыртында қайысқа байланған, қатты ағаштан жасалған салпыншақ түймелері болады. Аспап шанағы малдың (көбінесе ешкі) шала иленген жұқа терісімен қапталады, шанақ ішіне ұсақ сылдырмақтар ілінеді. Сап пен шанақ сырты әшекейленіп, басына шашақ тағылады. Сілкіп ойнаған кезде тұтқасының екі жағына ілінген қаққыштары ерсілі-қарсылы керілген көнге соғылып, құдды бірнеше дабыл дүңкілдеп түрғандай дыбыс шығарады.
Дудыга – ударно-шумовой музыкальный инструмент казахского народа. В своё время его использовали военачальники и батыры во время военных походов.В устной литературе встречаются строки: «Дудыға қағып, сырнайын тартып», «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын».
Изготовление инструмента
Внешне инструмент похож на пряжку. Состоит из длинной рукояти, восьмигранного овального корпуса, снаружи прикрепляются дубовые подвески, привязанные к сыромятине. Техника изготовления очень сложная, поэтому редко встречается в быту народа. На деревянный корпус натягивается дубленая шкура (зачастую козлиная), внутрь корпуса крепятся маленькие погремушки. Снаружи корпус и рукоять также украшают, прикрепляют мелкие подвески из дуба. При встряхивании инструмента подвески ударяются о кожаный корпус и создаётся впечатление, как будто играют на нескольких дабылах.
DUDYGA is a percussion-noisemaker musical instrument of the Kazakh people. At one time, it was used by warlords and batyrs during military campaigns.In the oral literature there are the lines: “Dudyga kagyp, syrnaiyn tartyp”, “Dudyga sіlkіp kagaiyn, Dushpanga oiran salaiyn”.
Making the instrument: Externally, the tool looks like a buckle. It consists of a long handle, octahedral oval body, oak pendants are attached from the outside tied to rawhide. The technique of manufacturing is very complicated, therefore it is rarely found in the life of the people. A tanned skin (often goat) is stretched onto a wooden case, and small rattles are fastened inside the case. Outside the case and handle also decorate, attach small pendants of oak. When the instrument is shaken, the pendants hit the leather case and it seems as if they are playing a few doubles.