Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның Халық артисі Дина Кенжеқызы Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген. Жас кезінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, «домбырашы қыз» атанған. Ел аузынан Дина қыздың даңқын естіген Құрманғазы Сағырбайұлы арнайы іздеп келіп, тыңдап, батасын берген.А. Жұбанов: «Дина домбыраны ерекше шебер тартады. Бұған дейін Құрманғазының, Дәулеткерейдің, басқа да халық сазгерлерінің күйлерін тартушылардың ішінен Динадай домбыра тілін білетін ешкім кездескен емес. Талантты домбырашы домбыра тартудың өзіндік жолын салып кетті» деп баға берді. Дина күйлерінің тақырыбы әр алуан. Күйшінің «Науысқы», «Әсемқоңыр», «Қара қасқа ат», «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Кербез», «Он алтыншы жыл», «Тойбастар», «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлері кең танымал. Күйші-композитор Дина Нұрпейісованың домбырасы – екі ішекті, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 7 бөліктен құралған. Бет тақтайында Жамбыл Жабаевтың суреті бар. Домбыраны атақты шебер Қамар Қасымов 1950 жылдары жасап, Дина Нұрпейісоваға сыйға тартты. 1965 жылы Дина Нұрпейісованың ұлы Мұрат Нұрпейісов аспапты сол кездегі Гурьев тарихи-өлкетану музейіне өткізген, ал 1981 жылы Өзбекәлі Жәнібековтың ықпалымен жәдігер Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынды.
Известный кюйши-композитор, Народный артист Казахстана Дина Нурпеисова родилась в 1861 году в местности Бекетай Жанакалинского района Западно-Казахстанской области. С ранних лет она прозвалась «Домбырашы кыз», виртуозно играя кюи Даулеткерея, Мусирали, Аликея, Туркеша, Узака, Есжана, Байжумы, Баламайсан. Услышав среди народа про популярность Дины, Курмангазы Сагырбайулы сам нашел ее и благословил.А. Жубанов о ней: «Дина очень искусно владеет домброй. До этого не было никого среди исполнителей кюев Курмангазы, Даулеткерея и других народных композиторов, кто как Дина смог бы виртуозно играть. Талантливая исполнительница основала свою технику исполнения».Темы кюев Дины разнообразны. Среди ее композиций широко известны кюи «Науысқы», «Әсемқоңыр», «Қара қасқа ат», «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Кербез», «Он алтыншы жыл», «Тойбастар», «Ана бұйрығы», «Жеңіс». Домбра Дины Нурпеисовой – двухструнный, каплевидной формы музыкальный инструмент. Корпус состоит из 7 частей. Дека орнаментирована и есть фото Жамбыла Жабаева. Эту домбру в 1950-х годах изготовил известный мастер Камар Касымов и подарил Дине. В 1965 году сын Дины Мурат Нурпеисов передал в фонда тогдашнего историко-краеведческого музея Гурьева, в 1981 году при содействии Узбекали Жанибекова наследие передали в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.