АҚАН СЕРІ (АҚЖІГІТ) ҚОРАМСАҰЛЫ
(1843-1913).

Ақын, әнші, композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы 1843 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында дүниеге келген. Қазақ өнері мен мәдениеті тарихы үшін Ақан сері шығармашылығының орны ерекше. Оның 50-ге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Ақан серінің шығармаларын Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов сияқты күміс көмей әншілер орындап, халық игілігіне айналдырды.Академик Ахмет Жұбанов: «Ақан он алты – он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы дауысы оны өте ерте халыққа танытады. Көкшенің көркем табиғатында туған не бір әсем әндерді бабына келтіріп орындауға өнері жеткен Ақан қайда барса да қадірі арта түседі» деп баға берді. Ақан сері ұстанған сал-серілік дәстүр «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болды. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері – туған жерге, өскен елге деген перзенттік махаббаттың жарқын айғағы. Жоғарыда аталған әндерден басқа Ақан серінің «Балқадиша», «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Майда қоңыр», «Ақ көйлек», «Аужар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» сияқты шығармалары қазақ музыкасының ән қорын байытты.Ақын, әнші, композитор Ақан Сері Қорамсаұлының домбырасы – екі ішекті, қалақша пішінді музыкалық аспап. Шанағы тұтас ағаштан шауылып жасалған, көлемі шағын. Аспаптың жасалған уақыты мен шебердің аты-жөні белгісіз. 2017 жылы реставрациядан өткен.Ақтоқтының ұрпақтарында сақталған бұл құнды мұра 2 томдық «Ақан сері» романын жазған Сәкен Жүнісовтың қолына Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген шағында түсіп, ұзақ жылдар қаламгердің үйінде сақталып келген. 2017 жылы Сәкен Жүнісовтың қызы Гүлмира Сәкенқызы жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды.

АКАН СЕРЫ (АКЖИГИТ) КОРАМСАУЛЫ (1843-1913).

Поэт, певец, композитор Акан серы (Акжигит) Корамсаулы родился в 1843 году в Айыртауском районе Северно-Казахстанской области. Творчество Акан серы занимает  большое место в истории казахского искусства и культуры. Около 50-ти его музыкальных наследий были внесены в золотой фонд казахской культуры. Его произведения пели такие голосистые певцы, как Амре Кашаубаев, Жусипбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жанибек Карменов. Академик Ахмет Жубанов приводит следующие слова о нем: «Акан в возрасте 16-17 лет увлекся пением, домброй. Благодаря росту, красоте, приятному голосу он стал известным очень рано. Где бы он не был, он высоко ценился благодаря искусному исполнению прекрасных песен, рожденных в природе Кокшетау».Сал-серинская традиция, которой придерживался Акан серы,  стали мотивом рождения таких песен, как «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан». А такие песни, как «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» служат  доказательством его любви к родной земле, своему народу. Помимо вышеперечисленных песен, другие его песни, как «Балқадиша», «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Майда қоңыр», «Ақ көйлек», «Аужар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» обогатили песенный фонд казахской музыки.Домбра Акан серы – двухструнный, совкообразной формы инструмент. Сделан путём долбления из цельного дерева. Время изготовления и мастер неизвестны. Был отреставрирован в 2017 году. Ценное наследие, что хранилось у потомков Актокты попал в руки Сакена Жунусова, когда он писал 2-х томный роман о жизни и творчестве Акан серы. Музыкальный инструмент пополнил фонд музея в 2017 году. Домбру сохранила и передала в музей дочь известного писателя Сакена Жунусова – Гульмира Сакеновна. Сейчас инструмент хранится в Музее музыкальных инструментов имени Ыхласа, расположенный в городе Алматы.

Адырна
(1843-1913).

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.