⚜️ Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы галереясында суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Мөлдір Қарубайқызының «Ағыс» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті ✨

Экспозицияға монументалды форматта салынған картиналар мен түрлі инсталляциялар қойылды. Сонымен қатар, суретшінің ауқымды шығармаларының алғашқы эскиздері жинақталған қойын дәптері мен жазбалары да келушілер назарына ұсынылды.

«Ағыс» көрмесі өнерсүйер қауымға Мөлдір Қарубайқызының шығармашылық әлеміне терең бойлап, ішкі тыныштық пен адам жанының толғанысын сезінуге мүмкіндік береді.

Көрменің ашылуына қатысып, жылы лебіздерін білдірген барша қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! 🤍

🗓️ Көрме 2026 жылғы 23 шілдеге дейін жалғасады.
📍 Мекенжайы: Достық, 44.
🎟️ Кіру тегін.