ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858-1931).

Ақын, жазушы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ұлы ақын Абайдың замандасы әрі інісі Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Оның әндері А.В.Затаевичтің жинақтарына енді. Сонымен қатар, Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсында Шәкәрімнің шығармалары пайдаланылды. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері танымал. Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасы – екі ішекті, 13 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Шанағы тұтас қарағайдан шауып жасалған, дыбыс ойығы үш бұрыш формасында.  Шәкәрім қайтыс болған соң, аспап оның ұлы Ахаттың қолында қалған. Ахат қарттан Семейдегі бір мұғалімге, кейіннен ол мұғалімнен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректорына өткен. Өз кезегінде оқу орнының басшысы аспапты Шәкәрім өнерінің жанашыры болып жүрген меценат Медғат Құлжановқа табыстайды. Медғат Кәрімұлы 2019 жылы жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді.

ШАКАРИМ КУДАЙБЕРДИУЛЫ (1858-1931).

Поэт, писатель, философ, композитор Шакарим Кудайбердиулы родился в 1858 году у подножия горы Шынгыстау Абайского района Восточно-Казахстанской области. Современник и племянник Абая Шакарим написал глубокие, лирические стихотворения, поэмы «Калкаман-Мамыр», «Енлик-Кебек», «Нартайлак-Айсулу», роман «Адиль-Мария», а также много других прозаических произведений, переводы, труды по истории и философии, мелодичные песни. Его песни вошли в сборники А.В. Затаевича. Также, песни Шакарима стали мотивом произведений казахских композиторов. В первой части сюиты Ахмета Жубанова «Абай» и в совместной опере А.Жубанова и Л.Хамиди «Абай» были использованы произведения Шакарима. Обрели популярность его песни, среди которых «Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы». Домбра Шакарима Кудайбердиулы – двухструнный, 13-ладовый инструмент совкообразной формы. Сделан из цельного куска сосны. Звуковое отверстие треугольной формы. После смерти Шакарима его домбра была у его сына Ахата. Затем она перешла от него к одному учителю, а от него попала в руки ректора Государственного университета имени Шакарима в Семее. В свою очередь, ректор вуза вручил домбру меценату Медгату Кулжанову, который высоко ценит творчество Шакарима. Медгат Каримович в 2019 году передал инструмент в фонд Музея народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.