Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарының басталуы бойынша Анонс

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Алматы қаласы музейлер бірлестігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 4 - 21 қараша аралығында жүргізіледі.

      Бұл іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау болып табылады. Атап айтқанда:

- қызметкерлерді басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-  мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-    жобаларды қаржыландыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (кәсіпкерлік субъектілері);

-    ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-   қаржыландыру жобаларының тиісінше іске асырылуын мониторингтан өткізу процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-    қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-    мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    17 - 21 қараша аралығында сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 87073895071 телефоны бойынша хабарласуға болады, эл.пошта nureke195555@gmail.ru.