Алматы қаласының тарихы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі
2024 жылдың 7 тамызында Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Прага қаласы музейінде Алматы қаласы тарихы музейінің «Уақыт керуені» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетімен – жалпы көшпенділер мәдениетімен, атап айтқанда көшпелі қазақтардың дәстүрлерімен, тұрмысымен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.
Көрмеге Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонат қойылады. Көрме қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрін, қолданбалы өнерін баяндайтын этнографиялық жәдігерлер, музыкалық аспаптар мен Алматы қаласының тарихы мен қазіргі өмірін көрсететін фотосуреттерге негізделген. Көрме 31 тамызға дейін жалғасады.