2023 жылғы 25-27 сәуір аралығында Самарқанд қаласында «Орталық Азиядағы музеология. Франция + 5» халықаралық музейлік форумы өтті
2023 жылғы 25-27 сәуір аралығында Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Орталық Азиядағы музеология. Франция + 5» халықаралық музейлік форумы өтті.
Форумға Франция және Орталық Азия елдерінде орналасқан жетекші музейлердің басшылары мен мамандары қатысты.
3 күнге созылған форум аясында әлемнің жетекші музейлерінің озық тәжірибелері таныстырылып, B2B кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді және өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Шара Өзбекстан Республикасының Мәдени мұра агенттігінің қолдауымен Францияның «Dualest» компаниясымен ұйымдастырылды.