Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Open stage» концерт өткізілді

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Open stage» концерт өткізілді

24 қыркүйек күні концерт залында тұңғыш рет «Open stage» концерті өткізілді.

Еркін форматта ұйымдастырылған концертте қатысушылардың жасына, кәсіби музыкалық біліміне шектеу болмады. Кез келген музыкалық аспапта ойнай алатын талант иесі үлкен сахнаға шығып, өзінің өнерімен бөлісті.

Жобаға барлығы 11 өнерпаз қатысты. Олар ұлттық аспаптарымыз — домбыра мен қобызда, сонымен қатар скрипка және пианино аспаптарында өнер көрсетті.

Іс-шара соңынан қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.