МАҒАУИЯ ХАМЗИН (1927-2000)

Домбырашы, күйші-композитор, Қазақстанның Халық артисі Мағауия Хамзин 1927 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Қоңырат кентінде дүниеге келген. Ғалым-профессор Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты зерттеу еңбегінде «Мағауияға күйшілік-домбырашылық өнер өскен ортасынан дарыған», – дейді. Мағауияның үлкен атасы Әшімтай мен  өз әкесі Хамза да домбырашы болған. Баласының тума дарынын байқаған әкесі оны өнерге баулиды.     Мағауия Хамзин Тәттімбеттің, Тоқаның, Дайрабайдың, Әшімтайдың, Қыздарбектің, Сембек пен Әбдидің, өзінің ұстазы Аққыз Ахметқызының және басқа да халық композиторларының мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуші, әрі насихаттаушы. Сондай-ақ, Моцарт, Брамс, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбыраға салып орындаған күйші. Өз жанынан «Белгісіз солдат», «Қосбасар» күйінің 1-2 түрін, «Космонавт», «Жайлау», «Көкек», «Жарыс», «Жас қазақ», «Шахтер күйі», «Алтын астық», «Амангелді туралы күй», «Шопан күйі», «Тоқырауын толғауы», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны» сияқты күйлер шығарған. Мағауия Хамзиннің домбырасы – екі ішекті, 20 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 7 бөліктен құралған. Негізгі дыбыс ойығы және қосымша ирек тәрізді екі дыбыс ойығы бар. Аспап фабрикалық үлгіде жасалған. М.Хамзиннің күйшілігімен қатар домбыра аспабын өзіне лайықтап жасайтын қолөнер шеберлігі де болған. Күйші бұл домбыраның негізгі бет тақтайының үстінен дыбысын күшейту мақсатында қосымша бет тақтайлармен жапқан. Домбыраны 1983 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне Мағауия Хамзиннің өзі тапсырған.

МАГАУИЯ ХАМЗИН (1927-2000)

Домбрист, кюйши-композитор, Народный артист Казахстана Магауия Хамзин родился в 1927 году в селе Конырат, Актогайского района, Карагандинской области. Ученый и профессор Акселеу Сейдимбек в своем исследовании «Казахское искусство кюя» пишет: «Искусство кюя даровалось Магауие от среды, где он рос». Дед Ашимтай и отец Хамза тоже были домбристами. Заметив у сына врожденный талант, отец приучил его к искусству.Магауия пропагандировал наследие Таттимбета, Тока, Дайрабая, Ашимтая, Кыздарбека, Сембека и Абди, своего учителя Аккыз Ахметкызы и других народных композиторов. Также, он впервые сыграл классические произведения Моцарта, Брамса, Рахманинова на домбре. Сочинил кюи «Белгісіз солдат», 1-й и 2-ой варианты «Қосбасар», «Космонавт», «Жайлау», «Көкек», «Жарыс», «Жас қазақ», «Шахтер күйі», «Алтын астық», «Амангелді туралы күй», «Шопан күйі», «Тоқырауын толғауы», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны».Домбра Магауи Хамзина – двухструнный, 20-ладовый инструмент каплевидной формы. Корпус сделан из 7-и частей. Имеются основное звуковое отверстие и два дополнительных в виде волнистых линий. Инструмент изготовлен по фабричному образцу. М. Хамзин также был известен как мастер, который преобразовывал инструмент на свой лад. Домбрист для увеличения звуки приделывал дополнительные дека поверх основной.В 1983 году Магауия Хамзин лично передал домбру в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.