Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Алматы қаласы музейлер бірлестігіне арнайы іс-сапармен келді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Алматы қаласы музейлер бірлестігіне арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапар Райымбек батыр мемориалды музей кешенінде құран бағыштап, батырдың кесенесіне зиярат етумен басталды. Кейін Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов әдеби-мемориалды музей кешені, Д.А. Қонаев музейі және Алматы музейінің экспозициясымен танысты. Сонымен қатар, Алматы музейінде бірлестікке қарасты музейдің жетекшілерімен, музей қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында музейлерді дамыту мәселелері талқыланды.