«МЕН АЛМАТЫ ТАРИХЫН БІЛЕМІН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қала күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен 2-17 қыркүйек аралығында өткен «Мен Алматы тарихын білемін» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау шартына сәйкес, I кезең – эссе жазу байқауы 2-11 қыркүйек аралығында өткізілді. Нәтижесінде үздік деп танылған 30 қатысушы келесі кезеңге өтті.

II кезең бойынша іріктелген оқушылар 15 қыркүйек күні А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алматы қаласының тарихы бойынша тест тапсырып, өз білімдерін сынға салды.

Тестілеу нәтижесіне сәйкес, III кезеңге өткен қатысушылар тізімі:

 

1. Қартайған Жанель – №42 ЖББМ

1-кезең: 14 балл

2-кезең: 8 балл

2. Тлеуберген Даяна – №172 гимназия

1-кезең: 14 балл

2-кезең: 8 балл

3. Ким Томирис Алексеевна – №83 гимназия

1-кезең: 14 балл

2-кезең: 9 балл

4. Асхатұлы Мұрагер – №152 гимназия

1-кезең: 14 балл

2-кезең: 9 балл

5. Олжас Арсен – №5 гимназия

1-кезең: 13,5 балл

2-кезең: 10 балл

6. Самолкина Алена Дмитриевна – «Достар» мектеп-лицейі

1-кезең: 14,5 балл

2-кезең: 10 балл

7. Рустемов Шахмурат Бахтиярович – «JOS» Қаржы лицейі

1-кезең: 14,6 балл

2-кезең: 8 балл

8. Марат Аяулым Ғаниқызы – №210 лицей

1-кезең: 15 балл

2-кезең: 8 балл

9. Косенко Ольга Никитична – №55 ЖББМ

1-кезең: 15 балл

2-кезең: 7 балл

10. Хамраева Дильназ Дильшатовна – №144 гимназия

1-кезең: 14,5 балл

2-кезең: 9 балл

 

Байқаудың ІІІ кезеңінде ең жоғары балл жинаған 10 үміткер 17 қыркүйек күні Алматы музейіне блиц-тестілеуге және сұхбаттасудан өтті.

Барлық кезең қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 3 қатысушы жүлдегер атанды.

 

I орын. Самолкина Алена Дмитриевна – «Достар» мектеп-лицейі

Жалпы балл: 27,5 балл

 

ІІ орын. Олжас Арсен – №5 мектеп-гимназия

Жалпы балл: 26,5 балл

 

ІІІ орын. Марат Аяулым Ғаниқызы – №210 мектеп-лицей

Жалпы балл: 25,5 балл

 

Жеңімпаздарды ресми түрде марапаттау рәсімі 2025 жылғы 21 қыркүйек күні Астана алаңында өтеді. Іс-шараның уақытын ұйымдастырушылар жеңімпаздарға қосымша хабарлайды.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі байқауға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғыс білдіреді! Қаланың тарихын терең меңгеруге ұмтылған жасөспірімдерге шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!