Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
2024 жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлеріне Әдеп кодексінің адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты әдептік қағидаттары айтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің ұстануы тиіс "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет етуіне жол бермеу, ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары қарастырылды.