Құрметті Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 2025 жылдың 16 мамырында сағат 15:00-де Алматы музейінде «Матьо халық өнері – мадьяр мәдениетінің мұрасы» атты көрменің салтанатты ашылуына шақырамыз!
Экспозицияда Қазақстанда алғаш рет Алматы музейінде мадьярлардың әйгілі Матьо кесте өнерінің туындылары ұсынылады. Матьо кестелеу мәдениеті ЮНЕСКО-ның әлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.