Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Түркия еліндегі Стамбул реставрация және консервация орталық және аймақтық зертхана дирекциясындағы кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші күнін сәтті аяқтады.

Біліктілігін арттыру курсы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының және Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.