Ақпан айында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің 6 қызметкері Түркия елінің Ыстанбұл және Анкара қалаларында орналасқан жетекші музейлерде өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

Біліктілікті арттыру курсы Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм министрлігі мен «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылады.
Біліктілігін арттыру курсына жіберілетін қызметкерлерді іріктеу ашық байқау арқылы жүзеге асырылды.
Бұл келісім 2023 жылы Алматы қаласы музейлер бірлестігі және Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде жүзеге асырылуда.
Меморандум мәдениет саласындағы жұмысты жетілдіріп, музей ісін дамыту аясында, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыру мақсатында жасалды.
Айта кетейік, 2024 жылы Түркі әлемі музейлерінің ІІІ Халықаралық форумында Алматы қаласы музейлер бірлестігі «ТҮРКСОЙ» музейлер қауымдастығына мүше болды.
ондай-ақ, халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының шешімі бойынша Алматы қаласы музейлер бірлестігі «Best Museum of the Turkic World» марапатын иеленді.