Нұрғиса Тілендиевтің 100- жылдығына арналған салтанатты кеш өтті

2025 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қаласының Мәдениет үйінде көрнекті композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай салтанатты кеш өтті.
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған кеш аясында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Нұрғиса Тілендиев мемориалды музейі жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрмеге Н. Тілендиевтің «Дариға – домбырасы», сахналық киімдері, марапаттары, партитуралары, өзі тұтынған жеке заттары мен композитордың өміріндегі маңызды сәттерін бейнелейтін бірегей мұрағаттық фотосуреттерден тұратын жалпы 70-ке жуық экспонаттар қойылды.
Атап айтсақ, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне еңгізіліп, халықаралық деңгейде атап өтіледі.