Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

2024 жыл Алматы музейлерi
үшін рекордтық жыл болды, бұл қала
тұрғындары мен қонақтарының, мәдени мұраға деген қызығушылығының артқанын
растады.

Брифинг барысында Алматы қаласы музейлер бірлестігі өткен 2024 жылдың негізгі жетістіктерімен, алдағы уақытта қалада ашылатын жаңа музейлер туралы және 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директоры Ләззат Сағындықова атап өткендей, жыл қорытындысы бойынша
Алматы қаласының мәдениет басқармасына
қарасты музейлерге 2024 жылы 309 956 адам келді, бұл қала тұрғындары мен туристердің мегаполистің мәдени өміріне белсенді қатысуын көрсетеді.
2024 жылы Алматы музейлерінің кірістері де айтарлықтай өскенін көрсетті: кіру билеттерін
сатудан қалалық музейлер 85 миллион
теңгеден астам табыс тапты. Бұдан бір жыл бұрын келушілердің табысы 60 миллион
теңгені құраған еді. Бұл көрсеткіштер музей мекемелеріне қала тұрғындары арасында ғана
емес, туристер арасында да қызығушылықтың
артқанын көрсетеді.