Алматы қаласы музейлер бірлестігінің 10 қызметкері Сингапур Ғылыми орталығында біліктілігін арттырудан өтті.
Оқыту барысында қызметкерлер Ғылыми орталықтың қызметімен, демеушілерді тарту, балалар аудиториясын қызықтыру мен ойын-сауық арқылы оқыту (Edutainment) және мәдени мекемелердің қызметінде заманауи технологияларды (VR, XR, MR) пайдалану әдістерімен танысты.
Оқу бағдарламасы әртүрлі медианы пайдалану арқылы келушілермен интерактив ұйымдастыру жолдарымен қызықтырды.
Біліктілікті арттыру Ғылыми орталықтың серіктестері - «Kingsmen» халықаралық компаниясы базасында жалғасты. Компания тақырыптық іс-шаралар, көрмелер, зерттеулер мен дизайн, сондай-ақ маркетинг саласында қызмет етеді. Бүкіл әлем бойынша 18 кеңседен тұратын жетекші жаһандық желі.
Сондай-ақ, Сингапурдың Ғылыми орталығы (Science Centre Singapore) — ғылыми білімді көпшілікке насихаттауға мамандандырылған мекеме. Ғылыми орталық 1977 жылы Ұлттық музейден бөлініп, жеке мекеме болып ашылған.
Орталыққа жыл сайын миллионнан астам жергілікті тұрғындар мен туристер келеді.