Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қонақта болды.
Музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспаптарымен таныстырды.
Музей қонақтарына «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы өнер көрсетті. Мэй Масктың досы музыкалық топтың сүйемелдеуімен импровизациялық ән орындады.
Мэй Маск Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызына алғыс білдіріп, тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы музейдің жұмысына сәттілік тіледі.
Әйгілі кәсіпкер және инноватор Илон Масктың анасы Мэй Маск «Be Woman» форумына қатысу үшін Алматыға ұшып келді.
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. 1981 жылы құрылған музей, Орталық Азиядағы музыкалық аспаптарға арналған бірегей мәдениет ордасы болып табылады.