Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Мажарстанда референдумға қатысты
Бүгін Мажарстанда қызметтік іссапарда жүрген Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері атом электр станциясын(АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің жанындағы № 375 референдум сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
«Бүгінгі күн кеше қабылданған шешімдердің нәтижесі болса, ертеңгі күн бүгін қабылданған шешімдердің нәтижесі болмақ. Будапешт қаласында іс-сапарда жүрсек те, жалпыұлттық шешім қабылданатын маңызды күні алшақ қалмай, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің жанындағы сайлау учаскесіне барып АЭС құрылысына қатысты өз пікірімізді білдіріп қайттық», – деп атап өтті Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Сағындықова Ляззат Құдайбергенқызы.