1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Алматы музейінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерінің шығармашылық жұмыстарының «Күзгі блюз» атты көрмесі ашылды.
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаубасов Бауыржан Жанатұлы, Алматы суретшілері мен өнертанушылары, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Италиядағы халықаралық сән апталығының қатысушылары, Түркия мен Қырғызстандағы халықаралық этнофестивальдар мен қалалық Ұлттық киім фестивалінің жеңімпаздары - «Алматы әжелері» сәнгерлер тобының дефилесі ұсынылып, «Қазағым-ай» биімен Орталық зейнеткерлерінен құралған «Айналайын» би ансамблі өнер көрсетті.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында түрлі курстар, соның ішінде кескіндеме және бейнелеу өнері сабақтары қарастырылған. Сабақтарды Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Нысанбаев Марлан Кенесұлы жүргізеді.