ЕСБАЙ БАЛҰСТАҰЛЫ (1842–1910).

Күйші-композитор Есбай Балұстаұлы 1842 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы Саркөл деген жерде дүниеге келді. Халық арасында «Тазбала» деген лақап атпен танымал болған. Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің өкілі, халқымыздың музыка өнерінде өзіндік орны бар күйші.  Әкесі Балұста он саусағынан өнері тамған зергер, дәулескер домбырашы болған. Жастайынан әке-шешесінен жетім қалған Есбайды атасы Ерназар қолына алып, тәрбиелейді. Баланың домбыраға деген құмарлығын, ерекше қабілеті мен талабын байқаған атасы батасын беріп, күй тартуға рұқсат етеді.Есбайдың күйлері көп болған. Оның ішінде «Өтті-кетті», «Бөз төбе», «Ел айырылған», «Бөгелек», «Балықшы кемпір», «Кер бұқа» сынды күйлері нотаға түскен. Шығармаларының тақырыбы да сан алуан. Заманның сипаты, қоғамдағы өзгерістер мен ел басындағы ауыртпалықтар, бостандық аңсаған халықтың арманын толғаған шығармалармен бірге романтикалық, лирикалық күйлері де баршылық. «Айша», «Әләйім жалған», «Әңкі-Тәңкі», «Әулиенің ақ күйі», «Балықшы кемпір», «Бегім салы», «Бес қыздың бел шешпесі», «Боз төбе», «Бөгелек», «Бұлбұл ақжелең», «Бұлды құс», «Бір ақжелең», «Ел айырылған», «Жалды қара», «Жас түлек», «Жібек шалма», «Кеңес», «Кербес қыздың жүрісі-ай», «Кер бұқа», «Қара жорға», «Манатау», «Өмір сазы», «Өттің, дәурен», «Сарыкөл-самалым», «Сары алқа», «Сылаң-ақжелең», «Таздың күйі», «Тартыс», «Теріс баспай», «Теріс қақпай», «Шалқыма», «Шыбын қағар» т.б. күйлері бар. Есбай Балұстаұлының домбырасы – екі ішекті, 19 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы тұтас ағаштан шауып жасалған, мойны 7 жерден сүйекпен өрнектелген. Түсі – қоңыр. Темір дөңгелекті ілгіші бар. Есбай қайтыс болған соң аспапқа оның інісі Ізбасар ие болады, Ізбасардан соң қызы Кенжеге қалады. Кейіннен аспап Хаджи-Мұрат  Қыдырбаевтың қолына өтеді. 1988 жылы Воронцов деген шебер реставрация жасап, бет тақтайын ауыстырған. 1989 жылы Хаджи-Мұрат  Қыдырбаев жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізген.

ЕСБАЙ БАЛУСТАУЛЫ (1842–1910).

Кюйши-композитор Есбай Балустаулы родился в 1842 году в местности Сарколь, около аула Карабау, Кызылкогинского района, Атырауской области. Среди народа был известен по прозвищу «Тазбала». Представитель школы кюя Западно-Казахстанской области, имеет особое место в музыкальном искусстве нашего народа. Его отец Балуста был умелым ювелиром, талантливым домбристом. Осиротевшего в раннем возрасте Есбая воспитал дедушка Ерназар. Увидев увлечение к домбре и талант у мальчика, дедушка дал ему благословение и разрешил играть на инструменте.Количество произведений Есбая велико. И среди них такие кюи, как «Өтті-кетті», «Бөз төбе», «Ел айырылған», «Бөгелек», «Балықшы кемпір», «Кер бұқа» написаны на ноты. Темы произведений самые разные. Помимо произведений, расскрывающие описание эпохи, изменения в обществе, ряд трудностей, которые постигли народ и мечту народа, жаждущего независимость, есть романтические и лирические кюи. Обрели широкую популярность кюи «Айша», «Әләйім жалған», «Әңкі-Тәңкі», «Әулиенің ақ күйі», «Балықшы кемпір», «Бегім салы», «Бес қыздың бел шешпесі», «Боз төбе», «Бөгелек», «Бұлбұл ақжелең», «Бұлды құс», «Бір ақжелең», «Ел айырылған», «Жалды қара», «Жас түлек», «Жібек шалма», «Кеңес», «Кербес қыздың жүрісі-ай», «Кер бұқа», «Қара жорға», «Манатау», «Өмір сазы», «Өттің, дәурен», «Сарыкөл-самалым», «Сары алқа», «Сылаң-ақжелең», «Таздың күйі», «Тартыс», «Теріс баспай», «Теріс қақпай», «Шажда қыз», «Шалқыма», «Шыбын қағар».Домбра Есбая Балустаулы – двухструнный, 19-ладовый музыкальный инструмент каплевидной формы. Инструмент сделан из цельного куска дерева. Гриф в 7 местах декорирован костью, сбоку имеется металлическое кольцо. Цвет коричневый. После смерти Есбая домбра была у его брата Избасара, после него у его дочери Кенже. Затем инструмент перешёл в руки Хаджи-Мурата Кыдырбаева. В 1988 году мастер Воронцов отреставрировал домбру, заменив деку. В 1989 году Хаджи-Мурат Кыдырбаев передал домбру в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа. Инструмент по сей день храниться здесь.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.