Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған.Қазіргі таңда дауылпаздың екі түрі белгілі:Оның бірі – этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі. Ал екіншісі – үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933–34 жж. шамасында белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, композитор А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіп тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Халықтың тұрмысында бұл аспаптардың екеуі де дабыл қағып, сигнал беру үшін пайданылған. Олардың аңға шыққанда да көп пайдасы тиіп отырған. Дауылпаздың халық тұрмысында кеңінен пайданылғанын біздер Мұрат Мөңкеұлының, Ақан сері Қорамсаұлының, Шәңгерей Бөкеевтің, Хұсайын Тәкежановтың дастандарынан, басқа да көптеген ақындардың өлең-жырларынан көреміз. Дауылпаз өткен ғасырда жарияланған этнографиялық еңбектерде де жиі ұшырасады. Солардың бірінде: «Толумбас – литавраның қарадүрсін бір түрі» делінген.Бұрынғы заманда негізінен аңшылықта қолданылған дауылпаз 1934 жылы тұңғыш рет дирижер, академик Ахмет Жұбановтың енгізуімен Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрінде ұрып ойналатын музыкалық аспап ретінде пайданылды. Аспаптың одан әрі жетілдірілуі осы оркестрмен байланысты болды.
Аспаптың жасалу технологиясы
Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған.Дауылпаздың жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты – өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. Аспапты ұлттық ойындарымыз «қыз қуу», «арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту үшін де дабыл орнына пайдаланған.
Дауылпаз – древний ударный музыкальный инструмент казахского народа. В старину его использовали во время военных походов, а после и в охоте.Ныне известно два вида инструмента:Первый вид – восстановленный по этнографическим описаниям. Второй – усовершенствованный для оркестров. Данный вид был сделан по заказу известного мастера ремесленника К. Касымова, композитора А. Жубанова, дирижёра Ш. Кажыгалиева в 1933-1934 гг. У усовершенствованного вида по бокам установлены специальные колки для регулирования натяжения кожи и высоту звука. У старых видов таких частей не имелось.В быту этот инструмент использовали для подачи сигнала и во время охоты. Упоминания об инструменте встречаются в поэмах и произведениях Мурата Монкеулы, Акан серы Корамсаулы, Шангерея Букеева, Хусаина Такежанова и других. В этнографических трудах прошлого столетию также имеются заметки о дауылпаз. В одной из них говорится: «Толумбас – примитивный вид литавры».Ранее применяемый в основном на охоте дауылпаз был впервые использован в качестве ударного музыкального инструмента в оркестре казахских народных инструментов имени Курмангазы в 1934 г и ввел его изветсный дирижер, академик Ахмет Жубанов. Дальнейшее его совершенствование тесно связано с оркестром.
Изготовление инструмента
Дауылпаз входит в состав ударных инструментов казахского народа. Поскольку на нём играли ударяя, чтобы инструмент был выносливым, делали его из твёрдых пород деревьев – клёна, сосны, берёзы.Изготовление инструмента очень кропотливая работа. Корпус инструмента делают из круглого леса, очищенной от сердцевины. На поверхность натягивают сухую выделанную кожу. Имеет ремень для закрепления инструмента на шее или плече, также небольшие молоточки. Корпус дауылпаза украшают костью, разными камнями и орнаментами. Дауылпаз использовали для подачи сигнала о начале и завершении казахских национальных игр «кыз куу», «аркан тарту», «казакша курес» и других вместо дабыла.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.