Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Бақсылар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. «Аса» деген сөз өзбектерде – «асоий», ұйғырларда – «һасса» делінеді, ол таяқ дегенді білдіреді. Тегінде, «асатаяқ» мағынасы бірдей екі сөзден қосылған болу керек. Этнографтар асатаяқты суреттеп жазған кездерінде оны «носох», «жезл», «трость», «костыль», «колба», «оса», «муса-оса» деп түрліше атаған.Бұл аспаптың бақсылардың пайдаланғанын этнографиялық еңбектерден көреміз. Халық музыкасының белгілі зерттеушісі Р.А. Пфеннинг бақсының ауруларды «емдеп» сарнағанда көне асатаяқты өз дауысына қосып салдырлатқаны жайында жазады. Зерттеуші-ғалым әуелі бақсының қылқобызда қалай ойнағанын баяндайды, онан соң асатаяқтың салттық музыкамен тығыз байланыста ұрып ойналатын аспап ретінде қолданылғанын жазады. Пфенниг былай дейді: «Бұған колбаны да (асатаяқты – Б.С.) жатқызу керек, оның да ұшына қоңыраушылар немесе төрт бұрышты тақтайшаға бекітілген темір сақиналар ілінеді. Бұл аспаппен бақсы өз дауысын сүйемелдейді».Асатаяқ туралы деректер Г.М. Броневский, П. Бекетов, Р.А. Пфеннинг, Ш. Уәлиханов, Б. Сарыбаев т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі. Асатаяқ қазіргі кезде «Отырар сазы», «Сазген», «Шертер» т.б. музыкалық фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдерде қолданады.
Аспаптың жасалу технологиясы
Асатаяқтың жасалу тәсіліне қарай «күмбезді», «жалпақ басты», «ай басты», «жылан басты», «сопақша», «қалақша», т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.
Асатаяк – древний музыкальный инструмент казахского народа. Применяли его в своих делах жрецы и шаманы. Шаманы использовали его наряду со звуками кылкобыза и дангыры. Слово «аса» у узбеков произносится как «асоий», у уйгуров «һасса», и означает палку. Вообще, название образовалось от двух слов, схожих по значению. При описании данного инструмента этнографы использовали разные названия: «носох», «жезл», «трость», «костыль», «колба», «оса», «муса-оса».О том, что асатаяк применяли в своих работах шаманы, можно увидеть в этнографических трудах. Известный исследователь народной музыки Р.А. Пфеннинг писал, что когда шаман во время «лечения» пациента стонал от боли, к своему голосу он добавлял бряцание инструмента. Учёный-исследователь сначала описывает как целитель играет на кобызе, а затем о применении асатаяка как инструмента, связанного с обрядовой музыкой. Пфеннинг пишет: «К ним относится и колба (асатаяк – Б.С.), к нему тоже прикрепляют колокольчики или железные кольца, подвешенные на прямоугольную дощечку. С этим инструментом целитель сопровождает свой голос».Сведения об инструменте встречаются в трудах этнографов-исследователей Г.М. Броневского, П.Бекетова, Р.А. Пфеннинга, Ч.Валиханова, Б.Сарыбаева и др. Сейчас инструмент используется в фольклорно-этнографических оркестрах и ансамблях «Отырар сазы», «Сазген», «Шертер» и др.
Изготовление инструмента
В зависимости от изготовления асатаяк бывает «купольного», «плоскоголового», «лунообразного», «змееголового», «продолговатого», «совкообразного» видов. Играют на инструменте методом бряцания, встряхивания в ритме. Делают асатаяк из дуба, клёна, берёзы, боярышника. На лицевую сторону прикрепляют различные подвески, кольца для извлечения звука.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.