Адырна
KORAMSAULY (1843-1913)

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

АҚАН СЕРІ (АҚЖІГІТ)
ҚОРАМСАҰЛЫ (1843-1913)

Ақын, әнші, композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы 1843 жылы
Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның 50-ге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Ақан серінің шығармаларын Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов сияқты күміс көмей әншілер орындап, халық игілігіне айналдырды.

Ақан сері ұстанған сал-серілік дәстүр «Құлагер», «Маңмаңгер»,
«Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша
әндердің дүниеге келуіне себепші болды. Сондай-ақ, оның «Көкшетау»,
«Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері – туған жерге, өскен елге деген перзенттік махаббаттың жарқын айғағы. Жоғарыда аталған әндерден басқа Ақан серінің «Балқадиша», «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Майда қоңыр», «Ақ көйлек», «Аужар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» сияқты шығармалары қазақ музыкасының ән қорын байытты.

Ақан cері Қорамсаұлының домбырасы – екі ішекті, қалақша пішінді
музыкалық аспап. Шанағы тұтас ағаштан шауылып жасалған, көлемі шағын. Аспаптың жасалған уақыты мен жасаған шебердің аты-жөні белгісіз. 2017 жылы реставрациядан өткен.

BIRZHAN KOZHAGULULY (1834–1897)

Birzhan Kozhaguly, a renowned singer, composer, and poet, was born in 1834 in the Enbekshilder district of the Akmola region. He was a figure who elevated traditional Kazakh singing and folk music to a new level.

About 60 of Birzhan’s songs have been preserved to this day, covering a wide range of themes. His works such as “Aitbai”, “Adaskak” (The lost one), “Zhambas sipar” (Touching the side), “Zhonyp aldy” (He cut it off), “Altyn baldak” (Golden handle), “Kokek” (The cuckoo), “Zhanbota”, “Temirtas” (Iron stone), “Ghashygym” (My beloved), “Kalamkas”, “Lailim shyrak” (Lailim – the light) and “Aktentek” have entered the golden treasury of Kazakh culture as classical examples of traditional Kazakh songs.

Birzhan’s dombra is a two-stringed instrument with 11 frets and a scoop-shaped body. It has a long neck and a body carved from a single piece of wood. The sound hole is triangular. According to researchers, Birzhan commissioned the dombra in 1885 and used it until the end of his life. Before his death, he left the instrument and all his belongings to his sister, Khadisha. His niece cherished them with great care and in 1943, passed them on to writer and public figure Ashimbek Bektasov. He restored the items entrusted to him and donated them to the museum in 1981. Today, the dombra is preserved in the Museum of Folk Musical Instruments named after Ykhlas.

БІРЖАН ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)

Әйгілі әнші-композитор, ақын Біржан Қожағұлұлы 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтерген ірі тұлға.

Біздің заманға Біржан салдың 60-қа жуық әні жеткен. Олардың тақырыбы әртүрлі. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас», «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорына енді.

Біржан Қожағұлұлының домбырасы – екі ішекті, 11 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Мойны ұзын, шанағы тұтас ағаштан шауып жасалған. Дыбыс ойығы үш бұрышты. Зерттеушілердің пікірінше, Біржан сал Қожағұлұлы домбырасын 1885 жылы жасатып, өмірінің соңына дейін ұстаған. Дүние салар шағында Біржан сал домбырасы мен өзге де мұрасын қарындасы Хадишаға тастап кетеді. Жиені бар дүниені көзінің қарашығындай сақтап, 1943 жылы жазушы, қоғам қайраткері Әшімбек Бектасовқа табыстайды. Аманат ретінде тапсырылған жәдігерді өнер жанашыры жөндеуден өткізіп, 1981 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді, қазіргі таңда аспап аталған музейде сақтаулы тұр.