loader image
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Әлем бойынша музыкалық аспаптарға арналған музейлердің бірі саналатын Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы ашылып, 1990 жылы музейге Ықылас Дүкенұлы есімі берілді.

Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 9 экспозициялық зал жұмыс істейді.

Музейге келушілерді әр экспонат жайында толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, музей залдары 2 ақпараттық киосктар және бейне контенттік проекторлармен жабдықталды. Киосктар арқылы әр экспонат жайында ақпарат берілсе, бейне контенттен сол аспаптың дыбысталуы, аспапта ойналатын музыкалық шығармалар көрсетіледі.

Сондай-ақ, музейдің барлық залдарында фондық музыка ойнап тұруын қамтамасыз ететін арнайы дыбыс құрылғылары орнатылды. Нәтижесінде, музейдің Кіріспе, Үрмелі және ұрмалы музыкалық аспаптар, Мемориалдық музыкалық аспаптар және Қобыз залдарында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында ойналатын халық күйлері, ал әлем халықтарының музыкалық аспаптарына арналған залдарда сол елдердің аспаптарында ойналатын шығармалар фондық музыка ретінде қойылды, ал 120 орындық концерт залында тұрақты түрде дәстүрлі ән-жыр және күй кештері өткізіліп тұрады.

Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің мәдениетін көрсететін 9 зал жұмыс істейді.

Кіріспе залы

Белгілі композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр», — деген еді.

Қазақтың көптеген музыкалық аспаптары халық поэзиясында, тарихшылар мен этнографтардың жазбаларында кездеседі. Осы деректерді негізге ала отырып, музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты Болат Сарыбаев қазақ халық аспаптарының жіктемесін жасаған, оған сәйкес қазақ халқының музыкалық аспаптары мынадай топтарға бөлінеді (бұл жерде көріп тұрғандарыңыз сол кісінің жіктеуі бойынша қойылған аспаптардың түрлері):

  • Шулы музыкалық аспаптар;
  • Ұрмалы музыкалық аспаптар;
  • Ішекті музыкалық аспаптар;
  • Үрмелі музыкалық аспаптар;
  • Тілшелі музыкалық аспаптар.

Музей қорындағы халық музыка аспаптары мұралары өзінің жіктелу тобына қарай жеке-жеке залдарға бөлініп қойылған. Аспаптар жайлы толығырақ – олардың жасалу техникалары, ойнау тәсілдері мен қолданылу мақсаттары туралы келесі залдарда толығырақ айтылатын болады.

Кіріспе залының келесі бөлімі – музыкалық археология. Бұл жерде археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған көне музыкалық аспап түрлері мен аспап көшірмелері қойылған.

Музей экспозициясына қойылған музыкалық археологияға жататын олжалар халқымыздың тарихын, мәдениетін, тұрмысы мен салт-дәстүрін бейнелейтін айғақты деректер болып табылады. Қазақ даласынан табылған ортағасыр кезеңіне жататын мұралар туралы анықтамаларды академик Ә.Х. Марғұланның, зерттеуші-саяхатшы А.Г. Медоевтың, жазушы-ғалым А. Сейдімбектің, археолог ғалымдар К. Ақышев пен З. Самашевтың және т.б. еңбектерінен кездестіреміз.

Жабдық:

Біздің музейлеріміздің барлық экспозициялары бойынша виртуалды турды тамашалаңыз

Музейдің құрылымы

Джанибек Баурджан Узбекалиевич

Музей жетекшісі

  • 8 (727) 248-38-30
  • imeniykhlasa@mail.ru

Қожахан Жансая Нурханқызы

Ғылыми бөлім меңгерушісі

  • 8 (727) 248-40-71
  • imeniykhlasa@mail.ru

Кеңесбек Балжан Маратқызы

Ғылыми қызметкер

  • 8 (727) 248-40-71
  • imeniykhlasa@mail.ru

Советхан Раушан Айболқызы​

Ғылыми қызметкер

  • 8 (727) 248-40-71
  • imeniykhlasa@mail.ru

Айдарханова Еленара Ериковна

Қор сақтаушы

  • 8 (727) 291-75-17
  • imeniykhlasa@mail.ru

Келушілерге

Жұмыс уақыты:

Сейсенбі - Жексенбі: 10:00-нан 19:00-ға дейін
Дүйсенбі: Тазалық күні

Прейскурант:

Ересектер – 1000 тг
Шет ел азаматтары - 1500 тг 
Студенттер – 500 тг
Оқушылар – тегін
Зейнеткерлер – 300 тг
Экскурсия – 2000 тг, шет(ағылшын) тілінде - 3000 тг

Байланыс телефондары:

+ 7 (727) 291-69-17
+ 7 (727) 248-40-71

Электрондық почта:

imeniykhlasa@mail.ru

Билеттерді онлайн сатып алу

ticketon.kz сайтында билет сатып алу арқылы барлық музейге кіре аласыз.

Закрыть меню