loader image
Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі

Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі

ХХ ғасырдағы қазақ дәстүрлі музыкасының алтын тірегі – ұлы композитор, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалдық музейі.

Музей туралы

Нұрғиса Тілендиев – ХХ ғасырдағы атақты күйші-композитор, дирижер, домбырашы. Композитор қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінде өшпейтін із қалдырды, сондай-ақ ұлттық музыкамызды бүкіл әлем өнерінде жоғарғы деңгейге көтерді.

Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі орналасқан үй 1979 жылы атақты мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың арнайы тапсырмасы бойынша салынып, Қазақстанның ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларына берілген.

Галерея

Нұрғиса Тілендиевтің үй-музейі 1980-жж. қазақ интеллигенциясының тұрмысын жақсы көрсетеді. Музейде 4 экспозициялық бөлме бар: кіре беріс және қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмесі, ас бөлмесі және демалыс бөлмесі. Музейде Н. Тілендиевтың жеке өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын музыкалық аспаптар, кітаптар, фотосуреттер, дирижерлік таяқшасы, концерттік киімдері, қолданылған тұрмыстық заттары сақталған.

1600148393043
1600148393072
1600148393059
1600148393122

Біздің музейлеріміздің барлық экспозициялары бойынша виртуалды турды тамашалаңыз

Қызықты фактілер

Нұрғиса Тілендиев музыканттар отбасында дүниеге келген: оның әкесі күйші, ал анасы ән салып, аккордеонда ойнаған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нұрғиса тылда қала алмады. Құжат бойынша жасын ұлғайтып көрсетіп, Берлинге дейін жетті.

Нұрғиса Тілендиев «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Алпамыс мектепке барады» және тағы да көптеген кинокартиналарға арнап музыка жазған.

Музейдің құрылымы

Ысқақ Ернат Сембекұлы

Музей жетекшісі

  • 8 701 754 8282
  • tlendiyev_museum@mail.ru

Әбенова Сара Ғабитқызы

Ғылыми қызметкер

  • tlendiyev_museum@mail.ru

Оспанжан Әнел Ернатқызы

Экскурсовод

  • tlendiyev_museum@mail.ru

Зікірбай Мөлдір Темірбекқызы

Экскурсовод

  • tlendiyev_museum@mail.ru

Құдайберген Еркін

Экскурсовод

  • tlendiyev_museum@mail.ru

Келушілерге

Жұмыс уақыты:

Сейсенбі-жексенбі, 10:00-19.00
Дүйсенбі – тазалық күні

Электрондық почта:

tlendiyev_museum@mail.ru

Прейскурант:

Ересектер – 1000 тг
Шет ел азаматтары - 1500 тг 
Студенттер – 500 тг
Оқушылар – тегін
Зейнеткерлер – 300 тг
Экскурсия – 2000 тг, шет(ағылшын) тілінде - 3000 тг

Байланыс телефондары:

291 63 41

Билеттерді онлайн сатып алу

ticketon.kz сайтында билет сатып алу арқылы барлық музейге кіре аласыз.

Закрыть меню