loader image
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығы Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай 2016 жылы 18 қыркүйек күні ашылды. Мультимедиялық дәстүрлі  музыка орталығында қазақ халқының ән, күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспаптары орналасқан. 

   Орталықтың бел ортасында орналасқан  3D голограммадан төрт өңірдің белгілі өкілдерінің орындауында танымал ән-күйлер мен жырларды  тыңдай алады. Орталықта үш тілде QR код енгізілген. Мультимедиялық зал арқылы қазақ халқының сан ғасырлық өнері мен мәдениетіне саяхаттай отырып, әр өңірде сақталған музыкалық өнерімізбен бай рухани-мәдениетіміздің терең тарихымен танысады.

Экспонаттар қазақтың белгілі өнер тұлғаларының жәдігерлерінен тұрады. Экспонаттар өңірлік төрт мектепке жіктеліп орналасады. Олар:

 1. Жетісу дәстүрлі музыка мектебі.

 2. Оңтүстік Қазақстан, Сыр өңірінің дәстүрлі музыка мектебі.

 3. Батыс Қазақстан дәстүрлі музыка мектебі.

 4. Арқа дәстүрлі музыка мектебі. 

Орталықтың ашылу мақсатының бірі – заманауи озық 3D технологияларды музей саласына енгізу арқылы қазақтың бай және көркем дәстүрлі музыка өнерін халыққа және келешек ұрпаққа насихаттау, қазақ мәдениетімен танысуға келген шетел азаматтарының қызығушылықтарын қамтамасыз ету.

IMG_3575
IMG_3579
IMG_3577
IMG_3574
IMG_3573
IMG_3567
IMG_3582
IMG_3563
IMG_3561
IMG_3584
IMG_3585
IMG_3587

Жетісу дәстүрлі музыка мектебі

Жетісу – қазақ халқының дәстүрлі ән, күй, жыр мектептері қалыптасқан құнарлы өңірдің бірі. Жетісудың дәстүрлі ән өнерін Кебекбай, Ноғайбай, Кенен, Қапез т.б. секілді жезтаңдай әншілер қалыптастырып жеткізді.

Жетісу өңірінің жыраулық дәстүрінің ірі өкілдері Қабан, Сүйінбай, Жамбыл секілді жыраулардың қайталанбас өнері арқылы «Жетісу жыр мектебі» қалыптасқан.

Жетісу өнерінің күй дәстүрі өз алдына жеке дамып, күй шығармалары халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғаларымен ұштасып жатады. Жетісу өңірінің күйшілік дәстүрін Байсерке, Қожеке секілді күйшілер дамытты.

Оснащение:

Біздің музейлеріміздің барлық экспозициялары бойынша виртуалды турды тамашалаңыз

Музейдің құрылымы

Каженова Руза Жүнісқызы

Музей жетекшісі

  • 8 747 102 42 67
  • muzykaortalygy@mail.ru

Жаңбырбай Мөлдір Жаңбырбайқызы

Ғылыми қызметкер

  • 8 707 412 8786
  • muzykaortalygy@mail.ru

Асен Мадина

Экскурсовод

  • 8 707 578 04 79
  • muzykaortalygy@mail.ru

Жексембаева Назерке Сержанқызы

Экскурсовод

  • 8 707 662 3526
  • muzykaortalygy@mail.ru

Келушілерге

Жұмыс уақыты:

Сейсенбі-сенбі, 09:00-18:00
Жексенбі, 10:00-19:00

Прейскурант:

Ересектер – 1000 тг
Шет ел азаматтары - 1500 тг 
Студенттер – 500 тг
Оқушылар – тегін
Зейнеткерлер – 300 тг
Экскурсия – 2000 тг, шет(ағылшын) тілінде - 3000 тг

Байланыс телефондары:

+7 727 393 40 18
muzykaortalygy@mail.ru

Instagram

https://www.instagram.com/museum_multimediya/

Билеттерді онлайн сатып алу

ticketon.kz сайтында билет сатып алу арқылы барлық музейге кіре аласыз.

Закрыть меню