2025 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай Д. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Мәслихатының, Халықаралық Қонаев қорының өкілдері, Д. А. Қонаевтың қызметтестері, туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шара аясында жиналған қонақтар үшін Д.А. Қонаев музейі мен мемориалды пәтер-музейінде экскурсия жүргізіліп, музей қызметкерлері Ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі туралы құнды деректермен бөлісті.
Есімі мәңгі өшпес жарық жұлдыз, қазақ халқының біртуар Ұлы перзенті Дінмұхамед Қонаевтың бейнесі әр қазақтың жадында мәңгі сақтаулы.