Алматыда «Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мектебі және оқулықтарындағы білімдер жүйесі» атты республикалық конференциясы өтті
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 152 жыл толуына орай, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы музейлер бірлестігі, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және «Тіл—құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен А.Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Ахмет Байтұрсынұлы 1934–1397 жылдары тұрған музей-үйде АХМЕТ ОҚУЛАРЫ – 2024 алаңы аясында «Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мектебі және оқулықтарындағы білімдер жүйесі» атты республикалық конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тілтанушылар, музей қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар әртүрлі тақырыптар мен А. Байтұрсынұлы мұрасын қамтитын қызықты және танымдық баяндамалар топтамалары жайында баяндады.
Конференция аясында, «Ахмет. Алаш ардақтысы» кітабының тұсаукесері өтті.