loader image

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының даму жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, 050012. Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 132. Анықтама телефоны 8(727) 272 43 21, электрондық мекенжайы: museumalmaty@mail.ru, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 132 мекенжайында орналасқан, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының даму жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты: отандық тарихты, өңірдің тарихын, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет қайраткерлерінің, қазақ әдебиетінің, өнерінің, сондай-ақ олардың дәуірінің көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерделеу, сақтау және дәріптеу болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

—  кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)  білім;

— мәдениет саласында немесе  басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

— мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадрлық менеджмент пен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп және есептілік негіздерін білу, Мемлекеттік мүлік, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білу.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың  тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

6) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама .

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде 2024 жылдың 6 мамырына дейін(6 мамырды қоса алғанда) жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Другие новости

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен Алматы қаласы Музейлер бірлестігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Qyr balasy» қоғамдық қоры және Ә.Бөкейхан «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шара ұйымдастырылды: 🔸Алматы музейінде 31 мамыр – Саяси

Подробнее

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды.

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Алтаева Назгүл Амангелдіқызы, Бүркітбаева Бинара Қалкабекқызы, Кубашева Елена Иватқызы және Имаханбет Райхан Сахыбекқызы мәдениет саласындағы ерең

Подробнее
Закрыть меню