loader image

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен Алматы қаласы Музейлер бірлестігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Qyr balasy» қоғамдық қоры және Ә.Бөкейхан «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шара ұйымдастырылды: 🔸Алматы музейінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, әрі мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты көрме ашылды. Көрмеге Алматы музейі қорынан 100-ден аса жәдігер қойылды;
🔹ҚР Ұлттық кітапханасында «Ұмытылмас күн!» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Халықаралық дөңгелек үстелге Түркия елінің Алаштанушы ғалымдары қатысты;
🔸Сейдәзім Қадырбайдың «Ақы заңы», Ж. Аймауытұлының «Дәмелі», М. Малдыбайұлының «Иман һәм намаз яки мұсылмандық», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Қасіретті жылдар» библиографиялық көрсеткіштерінің, Е. Тоқтарбайдың «Алаш сөзі», «Ұлтты оятқан ұлы сөз», Н. Бирайдың «А.Байтұрсынұлы», А. Байтұрсынұлының «Миллет мектебінің жүрегі», «Kardeş Kalemler», С. Қадырбайұлының «Kardeş Kalemler», Р. Сахыбекқызының «Asrın Adamı» кітаптарының тұсаукесер рәсімі мен таныстырылымы өтті;
🔹Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Ұмытылмас күн!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды;
🔸Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі және Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйімен таныстыру экскурсиясы өтті.

Другие новости

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының даму жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, 050012. Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 132. Анықтама телефоны 8(727) 272 43 21, электрондық мекенжайы: museumalmaty@mail.ru, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі,

Подробнее

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды.

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Алтаева Назгүл Амангелдіқызы, Бүркітбаева Бинара Қалкабекқызы, Кубашева Елена Иватқызы және Имаханбет Райхан Сахыбекқызы мәдениет саласындағы ерең

Подробнее
Закрыть меню